Етістік

 

Сабақтың тақырыбы:Етістік
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту.
Күтілетін нәтижелер:Ø  Берілген суреттерді талдауды өмірмен байланыстырады;

Ø  Жаттығулар орындау арқылы өз бетінше қорытынды шығарады;

Ø  Өзгені тыңдап, өзінше жауап беруге үйренеді;

Ø  Сурет бойынша сөйлем құрауға үйренеді

Ø  Бір-бірінің қатесін тексеру арқылы жауаперкершілікті сезінуге үйренеді.

Сабақтың типі Аралас сабақ
Қолданылатын әдістер:Сұрақ-жауап, қорытындылау, ойындар.
Көрнекілігі:Слайд,плакат,үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:1.      Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

2.      Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (2мин)

3.      Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі (5)

4.      Мақсат қою кезеңі

5.      Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (5 мин)

6.      Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі (14 мин)

7.      Бекіту кезеңі (14мин)

8.      Үйге тапсырма беру,бағалау кезеңі (2 мин)

Сабақ кезеңдеріуақытМұғалім әрекеті:Оқушы әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі2 минҰйымдастыру

·         Сәлемдесу

·         Оқушылардың сабаққа керек құралдарын даярлату

Оқушылар сабаққа назарларын аударады.
   (Көңіл-күй көтеру).

Қайырлы күн болсын.
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең  бестік болсын!  (1-слайд)

Оқушылар қарайды,тыңдайды,қайталайды.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі3 минҮй тапсырмасын оқушыларға дәптер бойынша тізбектеп оқыту.

147 бет  3 – жаттығу

Берілген суреттерге іс- қимылын білдіретін сөздерді тіркеп жаз.

Оқушылар жазған жаттығуларын оқып шығады.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі 5 мин(2-слайд)

«Бинго» ойыны.
Сұрақтарға жауап алу.
— Зат есім деген не?
— Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
— Жалқы есім деген не?
— Жалпы есім деген не?

Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
— Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
— Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
— Зат есімнің жекеше түрі деген не?
— Зат есімнің көпше түрі деген не?

Әр оқушы жеке-жеке сұрақтарға жауап береді.

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

— Кім? Кімдер ? Не? Нелер ? деген сұрақтар қойылады.

-Кісінің аты-жөні,жер-су аттары, жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.

-Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.

Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.

-Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.

-Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.

Мақсат қою кезеңі Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

 

5 мин(3-слайд)

Балалар тақтаға қараңдаршы біздің сыныптың почтасына хат келіпті. Оқып көрелік.

Суреттегі жануарлар мен құстардың аттарын жазып, олардың қастарындағы сөздермен сәйкестендір. Не істеді? Қайтеді? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып қою.

 

Қой

 

 

үреді

   Сиыр

 

 

 

маңырайды

 

Жылқы

 

шақырады

   Түйе 

 

мөңірейді

    Мысық 

 

 

қаңқылдайды

      Ит

 

 

 

боздайды

Әтеш

 

 

 

кісінейді

 

Қаз 

 

мияулайды

 

 

(4-слайд)

Жақсы балалар!  Орындап болсақ әрқайсысымыз көршіміздің парағын алып дұрыстығын тексерейік.

Ал балалар айтыңдаршы өздеріңі айтқан сөйлемдердегі қой,әтеш,сиыр, қаз,ит,жылқы сөздері қай сөз табына жатады? Неліктен?
— Ал маңырайды,шақырады,мөңірейді сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді?
— Олай болса бүгінгі біздің өтетін сабағымыздыздың тақырыбы етістік деп аталады. Тақтаға назар аударайық етістік дегеніміз не?

Ереже:

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды деген сұрақтар қойылады. Мысалы: биледі,ойнады,күлді.

Иә, балалар! Біз өткен сабақта заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Ал бүгінгі сабақта ондай сөздер табын етістік деп аталатынын біліп, танып, соған сәйкес жаттығулар орындаймыз.

 

 

 

Оқушылар жеке жұмыс жасайды,

Дұрыстығын жұппен жұмыс барысында текесереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Зат есімге жатады. Себебі заттың атын білдіретін сөздер.

 

-Не істейді? қайтеді? деген сұрақтар қойылады. Заттың қимылын білдіреді.

Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі 14 мин3 ұпай Дәптермен жұмыс

2-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді: гүл өсті,

Көбелектер гулесті. Қ.Мырза Әли.

Осы берілген сөйлемдерден етістіктерді тауып сұрақ қояйық. Тақтаға назар аударып дұрыстығын тексерейік.

Слайд

4-жаттығу Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктерді тауып сұрақ қой.

Жіппен келеді,

Үзсең,сөнеді.

Шам,ине.

 

 
Сергіту сәті3 минЧунга-чанга биі
Бекіту кезеңі14 мин4-ұпай

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Орманда биік ағаштар өседі.

Оқушылар үзіліске шықты.

Апасы Мұратты дүкенге жұмсады.

Әсел Қарағандыдан келді.

Әсет қолын сабынмен жуды.

— Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.

— Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
— Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
— Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
— Сөздерге етістік қосып айтыңдар

 
Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі 3-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасынан түсінбегенін сұрайды.