М. Мақатаев (1931-1976)

Сабақтың тақырыбы:            М. Мақатаев (1931-1976)

Сабақтың мақсаты:

а) Ақынның өміріне қысқаша шолу,поэзияына талдау жасай отырып,ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;

ә)  ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

б) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:                   аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар,газеттер

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.Анасы Нағиман батанқызының айтуынша: «Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді. … Тиын деген енем бар еді …

Мұқағали бастауыш сыныптарды қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып,үлкен мектепті аудан орталаығы – Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты.Ауқаттлардың балалары Алматы аып,үлкен оқу іздеп жатқанда,ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды.Он төрт-он бес жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ.Төбесі аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап,бірінен кейін бірін оқитын да жататын.Ауылдың атқамінерлері сол кезде-ақ таңданатын: «нағиман шеше,сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр» — дейтін… Сөйтсем,өзін-өзі оқытыпты ғой, шырағым».

М.Мақатаевтың ақындық қабілеті бала кезінде-ақ белгі берген.Бала кезінен көптің назарына ілікен Мұқағали ауыл арасындағы қағыс-айтыстарға да түсіп,әріптестеріне алдырмайды екен.1962жылы Алматыға көшеді.Қазақ радиосында директор, «қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болады.

өлеңдері «Отыздан асып барамын», «дариға,домбырамды берші маған», «Фариза», «Бір бала» т.б.

поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек»

кітаппен жұмыс: Кітаптан Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

тақтамен жұмыс: Тақтаға бір шумақ өлеңін жазып құрылысына қарай талдайды.

 

Сен сүйген // орман // көлдерде             1 шумақ

Жыл сабып // құстар // келгенде            4 тармақ

Көк жиек // сонау // белдерден             11 бунақ

Сағынам // сағым көргенде                     8 буынды.

Білімді бекіту: Оқушыларға тест сұрақтары беріледі

Білімді бағалау: Оқушыларды жауаптарына қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың өмірбаянын және поэзиясын оқып келуге беремін.