Менің туған күнім!

 

Менің туған күнім!

 

Көңілді әуен ойналып,балалар залға қол ұстасып кіреді.

Құрметті ата-аналар,балалар!

Бүгін біз тобымыздағы сүйкімді балаларымыздың туған күніне жиналып отырмыз.Шырқалатын ән-жырымыз бүгінгі туған күн кеш иелеріне арналады.Ортамызға туған күн иелерін шақырайық.Ата-аналары мен балалары залға кіреді.

Жүргізуші:Ой халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Туған күн тойын көң

Бәріміз қарсы алайық.

Ал енді біздің туған күн иелері сендерге  достарың  ыстық

лебіздерін ала келіпті.

Бекзат : Бантигімді  байлап берші,

Мен бақшаға барамын.

Бүгін өлең айтып берем,

Туған күні достардың.

Самал: Әзір  титтей бойымыз,

Әзір балаң айымыз.

Тек  қуамыз ойын біз,

Дегенменен, күн санап.

Өсіп келе жатырмыз,

5-ке толған батырмыз.

Би: «Саңырау құлақтар!» Қызықты музика естіліп ішке Қызыл телпек кіреді.

Алдынан қасқыр күтіп алады.

Қасқыр: Сәлем Қызыл телпек қайда барасың

Қызыл телпек: Мен балалардың туған күніне барам,жүрсеңші қызықты бірге тамашалайық.

Қасқыр: Барсам барайын қызыққа менде кенелейін.

Балалар:  Амандасады

Қызылтелпек пен қасқыр : балаларды туған күндерімен құттықтайды.

Жүргізуші: қош келдіңдер,біздің балаларымызбен бірге болыңыздар.

Біздің балаларымызға арнаған тақпақтарың барма,тілектерің барма айта қойыңыздар.

 

Қызыл телпек: Күтіп жүрдім мен күнде,

Осындай той болады деп.

Ойлап жүрдім достарым қашан

Бес жасқа толады деп.

 

Ерназ: Дем алып  тыныстап,

Маужырайды  күміс бақ.

Туған  күнді тойлаймыз,

Қолымызға  гүл ұстап.

 

Ән: Туған күнім (барлығы)

Ойын: «Егер мен»

Шарты: үрілген шар ішіне әр түрлі сұрақтар  салынады,шарды жарып сұрақтарға жауап береді.

 

Құралай:Базарға да соға кетіп,

                 Гүлдер сатып алайық.

                 Көп достарым күтіп отыр,

                 Жүр тезірек барайық.

 

Еркеназ: Ұзарды бойымыз

               Толысады ойымыз

               Алда талай тойымыз

              Өйткені біз күн санап

              Өсіп келе жатырмыз

              Беске толған батырмыз.

 

Мерей: Жүгіріп шығып алдыңнан

             Қуана қарсы алатын.

             Жатырқамай еркелеп,

            Бәрін жақсы көретін кім?

Балалар: Нурай

Би: «Жалқаубек»

Ән: «Уан литл финге»

Ойын: «Кім епті?»

Шарты: орындық қойылады төрт бала шығарып музика ойналғанда орындыққа отырып қалуы тиіс. Орындық жетпей қалған бала ойыннан шыға береді.

Ән: «Песенка крокадила»

Туған күн кеші аяқталып,балаларға сыйлық беріліп,құттықтау сөздер айтылады.