Шешендік сөздердің түрлері

 

Сабақтың тақырыбы:              Шешендік сөздердің түрлері

Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,география

Сабақтың барысы:           а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы  сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                               б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үшке бөлінеді.

Шешендік арнау. Өмірде сан алуан оқиғаларға сай әр түрлі мазмұнда айтылған. Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек айтып, қайғыда басалқалы ақыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен жалғасып отырған. Халқымыз «Жақсы сөз — жырым ырыс» деп жылы лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата сұрап, сол баталардың құдірет-күшіне сенетін болған. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деген мақал осындай сенімнен туған болса керек.

Шешендік толғау. Айтушының табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған ақылгөй, дана қариялар көрген-білгендерін қорытып, келер ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиетін шешендік толғау түрінде білдіреді.

Шешендік толғаулардың көпшілігі өзінің тәрбиелік, дидактикалық мазмұнына сәйкес табиғат құбылыстары мен адам өмірін қатар алып салыстыру, шешендестіру тұрғысында келеді.

Шешендік дауға жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар-намысқа байланысты тапқыр сөздер жатқызылады. Ол кісілер арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау талаптан бастап, екі ел арасындағы дипломатиялық-мәмілегерлік сөздерге дейін қамтиды.

 

Кітаппен жұмыс:       Шешендік сөздерді  оқу,ойларын жеткізу.

 

Шығармашылық жұмыс:  Кез келген шешендік сөздерден сахналық көрініс көрсетеді.

 

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:  Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:          Шешендік сөздерді оқып келуге беремін.