ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК (1667-1764)

Сабақтың  тақырыбы :        ҚАЗ  ДАУЫСТЫ   ҚАЗЫБЕК  (1667-1764)

  Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,география

Сабақтың барысы:

                                                 а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы  сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                             б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Халқымыздың айтулы кемеңгер билерінің бірі — Қаз дауысты Қазыбек шешендігімен дараланып көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған даңқы кешегі «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығыша қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалады.

Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім.

Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізген сөздері шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің делелі. Қалмақ ханына: «Егер бітімге келмесең тұрысатын жеріңді айт — дей келе, — атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен — қалмақ, біз — қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен — қабылан болсаң, мен — арыстан, алысқалы келгенбіз»… , — деп өз ойын ашық білдіреді. Мұнда сөз бен сөз тіркестерін әлсін-әлсін қайталап, бір ұғымның төңірегінде бірнеше мәндес, мағыналас сөздерді шегелеп, , нығыздай (қазбалай) сөйлеп жалынды сөздерді бұршақтай жаудыртты. Мірдің оғындай екпінді сөздерімен Жоңғар ханның тіл-аузын аштырмай «айтқан сөзі — құрған қақпандай» болғанын анық байқаймыз. Биді халық «қазып айтқан Қазыбек» деп қастерлеген.

Кітаппен жұмыс:        Қазыбек  бидің шешендік сөздерін  оқу,ойларын жеткізу.

Шығармашылық жұмыс:     Мына сұрақтарға  жауап беріп көріңдер.

                     «Кім жақын, не қымбат, не қиын?»

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Үш би қай жерде бас қосқан еді?
  2. Үш бидің бас қосқан жеріне үш елбасы қай жылы бас қосты?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Қазыбектің  шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.