Әдебиет теориясы

Сабақтың тақырыбы: Әдебиет теориясы. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға «Алпамыс батыр» жыры, оның композициялық
құрылысы, ондағы кейіпкерлер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін
қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер7

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсрмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.


З.Журнал бойынша түгелдеу. 4.Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 1. «Алпамыс батыр» жырының мазмүны жайлы сүраймын.
    Қосымша сүрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
    3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Әдебиет теориясы» жайлы түсіндіремін Әсірелеу (гипербола) — суреттелетін затты немесе қүбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелігін, әсерлігін арттыратын көркемдік тәсілдің бір түрі. Ол фольклорлық шығармаларда, әсіресе, батырлар жырында жиі кездеседі. Сонда Буырыл гуледі, Табаны жерге тимеді, Көлденең жатқан көк тасты Тіктеп тиген түяғы Саз балшықтай иледі… …Ұмтылғанда қысылып, Бес жүз күлаш жазылды.

(«Қобыланды батыр»)

Сонымен катар әсірелеу ақындар мен жыраулардың шығармаларында да жиі қолданылған. Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған…

(Қазтузан жырау) Аққан жасы сел болған, Етегі толып, көл болған…

(Дулат)

Шендестіру (антитеза) — кереғар екі затты немесе қүбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, үғымның, күбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудың бір түрі. …Қара жерге қар жауар, Қарды көр де етім көр, Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де бетім көр.

(«Ер Таргын») Сабақтың қорытындысы: І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Әсірелеу мен шендестіру әдеби теориясына мысал жазып келу.