Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»


Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Сүйінбай Аронұлының өмірі, шығармашылығы,
«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашы-лық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабак.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсрмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Дулат Бабатайүлының өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. «О,Ақтан жас, Ақтан жас…» өлеңін мәнерлеп оқытамын.
  3. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
  4. Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Сүйінбай Аронүлының өмірі, шығармашылығы, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі жайлы толық түрде түсінік беру.

Сүйінбай Аронүлы 1815 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақыстақ деген жерінде дүниеге келген. Ол он төрт-он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. Кейінірек өзінің замандас ақындары ішінен озық ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған.

Сүйінбай — ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мүңын мүңдап, кейбір ел билеушілерінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сондықтан да Мүхтар Әуезов Сүйінбайға баға бергеңде оны «Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған. ¥лы Жамбыл Сүйінбайды үстаз түтып, әруағына сиына сөйлеген. Сүйінбай өлеңдерінің негізгі діңі — адамгершілік асыл қасиеттер.

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Жақсы жігіт ел-жүртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Жақсы жігіт сөзіне сақ түрады, Қыранның қырдан байкар баласындай. Жаман парқы жақсымен бірдей емес, Жақсы жігіт елінің ағасындай. Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма, оріктің ағашындай… Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытынды-лаймын. 2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


  1. Үйге тапсырма: Сүйінбай Аронүлының өмірі, шығармашылығы, «Жақсы мен жаман адамнын қасиеттері» өленін жаттап келу.