Бейімбет Майлин «Даудың басы—Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин

«Даудың басы—Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесі. Сабақтың максаты:

а) білімділік: оқушыларға Бейімбет Майлиннің өмірі, шығармашылығы, «Даудың басы—Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік корын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жү_мыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. С.Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. «Далада» өлеңін жатқа сүраймын.
  3. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Бейімбет Майлиннің өмірі, шығармашылығы, «Даудың басы—Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесі жайлы түсіндіремін.

Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген. Ауыл медресесінен сауатын ашқан ол сол кезеңдегі белгілі оқу орындары болып саналатын Троицк қаласындағы «Уәзифа» медресесінен, кейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінен білім алған.

Дарынды жазушының шығармашылығы кең арналы, сан салалы, күрделі де көрікті әлем. Ол—сыншыл ақын, көркемпрозашы, драматург, көсемсөз шебері. Оның шығармаларында қазақ аулының, ондағы қарапайым шаруа адамдарының шышйы да . сыршыл суреті бар.

Бейімбет Майлин әңгімелері сол түстағы аумалы-төкпелі кезеңнің жаманы мен жақсысын, пайдасы мен залалын дәл танып көрсете білуімен құнды. Жазушының сондай әңгімелерінің бірі—«Даудың басы—Дайрабайдың көк сиыры».

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытынды-лаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: «Даудың басы—Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесін оқып,
    мазмүнын зңгімелеп келу