ХИМИЯ ПӘНІН ЖАҢА ФОРМАТТА ОҚЫТУ

ХИМИЯ ПӘНІН ЖАҢА ФОРМАТТА ОҚЫТУ

Эльмира Бейсембайқызы КАЗИХАНОВА

Химия пәні мұғалімі,

С.Сейфуллин ат.ДБАМОҚМИК

БҚО, Орал қаласы

 

 

Пәні ХимияСынып 8 «б»
Тақырыбы§35 Тұздар. Құрамы және химиялық қасиеттері
МақсатыТұздардың құрамы, қасиеттері туралы түсіну. Валенттілік бойынша формула құрастырып үйрену.
Күтілетін нәтижеА) валенттілік бойынша тұздардың формуласын құрастырып үйренеді;

В) тұздардың химиялық қасиеттерін заңдылықтар бойынша талдайды;

С) тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеп, жинақтап қорытады.

 

Сабақ кезеңдеріҚажетті ресурстар
КіріспеҮлестірме қағазы: «Деңгейлік тапсырма», түрлі-түсті қарындаштар

Топқа бөлуге түрлі түсті әртүрлі пішіндегі қиықшалар

Тұсаукесер
Негізгі бөлімҮлестірме материалдары

Тәжірибеге нұсқау карточкасы, қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар (пакетте түрлі түсті тұз кристалдары, темір шеге, Тұрғы, сынауық, тамшуыр, қасықша)

Топтық жұмысқа: түрлі-түсті маркер, фломастер, ватман қағазы т.б

«Химиялық лото» ойынына: формулалар жазылған карта, қиықшалар

«Жұбыңды тап» ойынына: металдар мен қышқыл қалдығының формулалары жазылған қиықшалар

ҚорытындыКері байланысқа: «Сұрақтары бар қорапша»

 

Сабақ кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіТапсырма мазмұныОқушының іс-әрекеті
1234
Кіріспе

 

 

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында блум таксономиясы бойынша дайындалған деңгейлік тапсырмалар таратады.

 

 

 

Оқушыларды 4 топқа бөлуге қиықшалар таратады. Топ ережесін естеріне түсіреді.

 

Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма мазмұны №1Қосымшада берілді.

 

 

 

 

 

 

 

4 түрлі түспен 4 түрлі фигурадағы қиықшалар таратылады.

 

 

Жеке жұмыс. Өткен тақырыптан блум таксономиясы бойынша дайындалған деңгейлік тапсырмаларға жазбаша түрде жауап береді.

Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау.

 

Фигураның түсіне қарай 4 топқа топтасып орналасады. Топтың ережесін естеріне түсіреді. Топта топбасшы, таймкипер сайлайды.

Тұсаукесер 

Қышқылдардың анықтамасын естеріне түсіре отырып жаңа тақырыпқа назар аудартады.

Анықтамаға сай егер сутек атомын металл атомы алмастыратын болса келесі күрделі қосылыстар тұздар пайда болатындығын айта келіп жаңа тақырыпқа көшеді.

Ой-қозғау

Қышқылдар дегеніміз – металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

 

 

 

§35 Тұзар. Құрамы және химиялық қасиеттері.

 

Қышқылдардың анықтамасын жатқа айтады. Қосымша сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Негізгі бөлім 

Жаңа тақырыпқа қатысты үлестірме материалдарды таратады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Химиялық лото» ойынын ойнатады. Әр оқушыға бір-бір картадан таратады. Қорапшадан тұздардың формуласы жазылған қиықшаларды алып аталуы бойынша хабарлайды.

 

«Жұбыңды тап» ойыны арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады.

Металл атомдары мен қышқыл қалдығының формулалары жазылған қиықшаларды таратады.

 

 

 

Әр жұпқа Ә.Темірболатова (8 сн) есептер жинағынан тақырыпқа қатысты жаттығулар береді.

Жаңа тақырыпты меңгерту

І топ: тұзардың құрамы, анықтамасы, түстері (пакетте түрлі түсті тұз кристалдары беріледі)

 

ІІ топ: валенттілік бойынша тұздардың формуласын құрастыру

 

ІІІ топ. химиялық қасиеттері:

1. Судағы ерігіштігі (Ерігіштік кестесімен жұмыс)

2. Металдармен әрекеттесуі

 

IV топ: химиялық қасиеттері:

1. қышқылдармен әрекеттесуі

2. тұздармен әрекеттесуі

 

Тақырыпқа қатысты қосымша материалдар №2Қосымшада  берілді.

 

Жаңа тақырыпты бекіту

«Химиялық лото». Әр картада 5 күрделі заттың формуласы көрсетілген, оның ішінде тек екеуі ғана тұздың (орта) формуласы.

 

 

 

 

 

«Жұбыңды тап». Металл атомы мен қышқыл қалдығының формулалары арқылы тұздың формуласын құрастырып жұптасады.

 

 

 

 

 

№3-34 – 3-39 (66-67 бет).

 

 

Топтық жұмыс.

Таратылған қосымша материалдар арқылы танысып, топта жұмыстанды.

І, ІІ топ топтық жұмыс нәтижелерін постер арқылы қорғайды.

 

ІІІ, IV топ химиялық қасиеттерін нұсқау карточкасында берілген тәжірибелер арқылы демонстрациялайды.

Химиялық реакция теңдеулерін тақтаға жазып, заңдылықтар бойынша түсіндіреді.

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс.

Тұздардың аталуына сәйкесті формуласын қолындағы картадан тауып оқылуы бойынша айтып қиықшаны алады.

 

 

 

 

Валенттіліктеріне сәйкесті тұздың формуласын құрастырып жұп құрады. (тұздардың аталуымен, оқылуы туралы, валенттілік бойынша формула құрастыра білу білімдері тексеріледі)

 

Жұптық жұмыс.

Берілген есептерді жұптасып орындайды.

Қорытынды  

Сұрақтарды салуға арналған қорапшаны ұсынады.

 

 

 

Үй тапсырмасын жазғандығын қадағалайды.

 

 

Бағалау критерийі ескертіледі.

Кері байланыс

«Сұрақтары бар қорапша» әдісі. (келесі сабақ қорапшадағы сұрақтарға жауап беріп, талдаудан басталады)

 

Үйге тапсырма беру

§35 оқу.

Тақырып соңындағы №4-8 жаттығулар.

 

Бағалау

Блум таксономясы арқылы дайындалған тапсырмаларды орындаудағы нәтижелері байынша бағаланады.

Бағалау критерийі

Жетістік деңгейі:

А-деңгейі – «3»

Б-деңгейі – «4»

С-деңгейі – «5»

 

Түсінбеген немесе толық білгісі келетін сұрақтарын қағазға жазып қорапшаға қалдырады.

 

 

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.

 

 

 

Өзін-өзі бағалау.

Орындаған тапсырмасының деңгейіне қарай жетістік деңгейін біледі.

 

 

№1Қосымша

А-деңгейінің тапсырмасы: Білу-Түсіну

Бағалау критерийі: жетістік деңгейі – бағасы «3»

 

Берілген қосылыстардың ішінен қышқылдардың формуласын теріп алып төменде берілген кестедегі бағандар бойынша сипатта

ФормуласыАтауыСутек санына қарайОттектің болуына қарайАгрегаттық күйіҚышқыл қалдығының валенттілігі
бірекіүшоттектіоттексізқаттысұйықгаз 
1           
2           
3           
4           

 

Б-деңгейінің тапсырмасы: Қолдану-Талдау

Бағалау критерийі: жетістік деңгейі – бағасы «4»

 

№1-жаттығу. Нөмірленген 3 стақанда: натрий гидроксиді, күкірт қышқылы және су берілген. Қай реактивтің нешінші нөмірлі стақанда екенін қалай анықтауға болады. Жауаптарыңды сурет бойынша түсті қарындаштар арқылы бояп түсіндіріңдер. (ерітінділерге лакмус қағазы батырылған деп есептеңдер).
Лакмус қағазы деген не? Анықтамасын бер.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№2-жаттығу. Келтірілген заттардың:  қайсысы тұз қышқылымен әрекеттеседі? Мүмкін болатын химиялық реакция теңдеулерін жазып теңестіріңдер.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

С-деңгейінің тапсырмасы: Жинақтау-Бағалау

Бағалау критерийі: жетістік деңгейі – бағасы «5»

 

№1-жаттығу. Берілген өзгерістік айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттарды атаңдар. .

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№2-жаттығу. Қышқылдардың адам өміріндегі маңыздылығын «физиологиялық әсері» бойынша берілген суретті пайдалана отырып түсіндіріңдер.

 

СуретҚышқылдардың физиологиялық әсері
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2Қосымша

 

І топ: тұзардың құрамы, анықтамасы, түстері

 

ІІ топ: валенттілік бойынша тұздардың формуласын құрастыру

Тұздарды бинарлы қосылыстарға балап, металл мен қышқыл қалдықтарының валенттіліктерін олардың таңбаларының үстіне жазамыз да, валенттілік бойынша формула құру алгоритмін пайдаланамыз.

Маршруттық карта (тұздардың формуласын құру алгоритмі):

  1. Тұз құрамындағы металл атомдары мен қышқыл қалдығының формуласын жазамыз.
  2. Металл атомы мен қышқыл қалдығының валенттіліктерін анықтаймыз.
  3. Ең кіші ортақ еселікті табамыз.
  4. Ең кіші ортақ еселікті әрқайсысының валенттілігіне бөлу арқылы индекстерді табамыз.
  5. Оттекті қышқыл қалдығы болса, қышқыл қалдығын жақшаға алып, индексті қоямыз.

Натрий сульфатының формуласын құрумен танысайық: Na2SO4

  1. Na, SO4
  2. 1·2 = 2
  3. ортақ еселікті әр топтың валенттілігіне бөліп, шыққан мәнді индекс етіп жазу: 1:2 = 2 (Na); 2 : 2 = 1 (SО4).
  4. сонда тұздың формуласы Na24.

 

ІІІ топ. химиялық қасиеттері:

  1. Тұздардың судағы ерігіштігі (Ерігіштік кестемен жұмыс)

Тұздар негізінен қатты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі (химия кабинетінде ілініп тұрады) және «Ерігіштік кестесі» (ЕК) деп аталады. Онда суда еритін заттар «Е», аз еритіндері — «Ае», ерімейтіндері — «Ем», ерітіндіде болмайтындары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий сульфатыкальций карбонатыкүміс хлоридіқорғасын (II) сульфиді т.т. іс жүзінде ерімейді. Калий мен натрийдің барлық тұздары суда ерімтал келеді.

  1. Тұздардың металдармен әрекеттесуі

Тұздардың металдармен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады. Тәжірибе. сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған темір шегені салыңыз, не байқалды? Тиісті реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер.

Осы реакция кері бағытта жүре ме? Жоқ, жүрмейді, себебі мыс металдардың белсенділік қатарында сутектен кейін тұр.

Тұздардың металдармен әрекеттесуіндегі басты ЗАҢДЫЛЫҚ.

  • Бекетов қатарында бұрын тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарынан ығыстырады;
  • Реакцияға алынған және түзілген тұз ерімтал болу керек, егер түзілген тұз ерімейтін болса, тұз металл бетін қаптап қалады да, реакция жүрмейді.

Топтық жұмыс нәтижесін қорғау барысында заңдылықтарға сәйкесті химиялық реакция теңдеулерінің жалпы сызбанұсқасын пайдаланыңыз:

Металл (белсенді) + тұз → жаңа тұз + бос металл (белсенділігі төмен)

 

IV топ: химиялық қасиеттері:

  1. Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі

Тәжірибе. Сынауыққа мәрмәр түйірлерін салып, үстіне тұз қышқылын құйыңыз, реакцияның белгісі қандай? Тиісті реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер.

Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуіндегі басты ЗАҢДЫЛЫҚ.

  • Реакцияға қатысқан қышқыл реакция нәтижесінде түзілетін қышқылдан күшті және тұрақты болу керек;
  • Яғни, күшті қышқыл әлсіз қышқылдың тұзымен әрекеттеседі, ал әлсіз қышқыл күшті қышқылдың тұзымен әрекеттеспейді.

Топтық жұмыс нәтижесін қорғау барысында заңдылықтарға сәйкесті химиялық реакция теңдеулерінің жалпы сызбанұсқасын пайдаланыңыз:

Тұз + қышқыл → жаңа тұз + жаңа қышқыл

  1. Тұздардың тұздармен әрекеттесуі

Сынауыққа барий хлоридінің 1 мл ерітіндісін құйып, оған натрий сульфатының 1 мл ерітіндісін құйыңыз, реакцияның белгісі қандай? Тиісті реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер.

Тұздардың тұздармен әрекеттесуіндегі басты ЗАҢДЫЛЫҚ.

  • Реакцияға қатысатын тұздардың екеуі де ерімтал болуы керек;
  • Түзілген тұздардың біреуі тұнбаға (↓) түсуі керек.

Топтық жұмыс нәтижесін қорғау барысында заңдылықтарға сәйкесті химиялық реакция теңдеулерінің жалпы сызбанұсқасын пайдаланыңыз:

Тұз + тұз → жаңа тұз + жаңа тұз↓