I’m 7 ағылшын тілінен сабақ жоспары

Сабақты тақырыбы: I’m 7

Сабақты мақсаты: Оқушыларды 6-10-ға дейінгі сан есімдермен таныстыру. Балаларды бұрын оқылған сұрақтарын қою және оларға сәйкес жауап беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. өзін-өзі таныстыру дағдыларын дамыту. өзге адамдарды құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, кезекшімен әңгіме

Good morning, children. I’m…… . Sit down, please.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Осы сабақта 1-5-ке дейін санауды қайталаймыз және 10-ға дейін санауды және жаңа [h], [ә:], [әи], [t] дыбыстарын үйренеміз.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс

3-жаттығу.

Балалар, суреттегі кейіпкерлерге қараңдаршы. Олармен жақынырақ танысып, жастары нешеде екенін білейік. Ағылшын тілінде жасымыз нешеде екенін айту үшін: I’m 67 I’m 10. және т.с.с. айтамыз.

Жаттығуды тыңдаймыз, одан кейін менің сұрағыма жауап беріңдер.

 

Track 9.

Hello. My name is Bota. I’m 3

Hi. I’m Alibek. I’m a boy. I’m 7.

Hello. My name is Misha. I’m a boy. I’m 6.

 

«Жылан» ойыны

Оқушылар 3-жаттығудың репликаларын пайдалана отырып, өздері туралы әңгімелейді.

Мұғалім жыланның басы болатын баланы таңдайды, ол бірінші тұрғандықтан өзі туралы ағылшын тілінде баяндайды және соңғы тұрған бала жыланның құйрығы болады. Егер біреуі мүдіріп қалса жылан болмай қалады.

 

Сергіту сәті.    

One, two

Clap, clap

Three, four

Stamp, stamp

Five, six

Jump, jump

Seven, eight

Hop, hop

Nine and ten

Stop, stop

Дәптермен жұмыс

1-жаттығу. Find the number circle and say it.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сендер  не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата-аналарыңа не айтар едіңдер? Бүгінгі танысқан сөздерімізді есімізге түсірейік. Балалар сабақта жаттаған cөздер мен фразаларды қайталайды.

Ал енді қоштасамыз:  Goodbye!