оқушыларға Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы, «Шыңырау» хикаяты, қүдық қазу—Енсептің ата кәсібі екендігі жайлы толық мәлімет беру.

Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы,
«Шыңырау» хикаяты, қүдық қазу—Енсептің ата кәсібі екендігі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру, ойын тұжырымдап айта білуге үйретеді, тіл байлығын өрістетеді.

б)  тәрбиелік; Абай өлендері поәзияны сүюге, оны түсіне білуге, табиғатты аялауға,
махаббатты қастерлеуге, елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. «Шыңырау» хикаятының мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сүрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты тусіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы, «Шыңырау» хикаяты, қүдық қазу—Енсептің ата кәсібі екендігі жайлы толық түрде түсіндіремін..

Енсептің қүдық қазуы оның ата кәсібі екендігі жайлы түсіндіріп болған қосымша сүрақтар қоямын.

  1. Байсал бай Еңсепке қай жерден қүдық қазуға өтініш жасады?
  2. Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жайға тап болды?
  3. Ол неге қуанды?
  4. Ата кәсібі қүдықшылық болған Қараш руы адамдарының ауыр да азапты еңбегінің
    елге тигізер пайдасы қандай?
  5. Еңсептің ерен еңбегі елге қандай жақсылық әкелді?
  6. Еңсептің шыңыраудың ішіне түскендегі халі, кеңіл күйі туралы үзіндіні әңгімелеп
    бер.
  7. Еңсептің өз ісіне ерекше берілген нағыз еңбеккор адам болғандығы туралы шағын
    шығарма жазыңдар.
  8. Шыгармадағы суреттеулерге сүйене отырып, шегенделген шыңырау қүдық қалай
    қазылатындығы жайлы айтып бер.
  9. Еңсептің қүдық орнын таңдауда ақсақалдар пікірімен келіспегеніне назар аудар.
    Неге келіспегенін аңдауга тырыс.

Сабақтың қорытындысы: І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы жайлы оқып,
    «Шыңырау» хикаятын оқып, мазмүнын әңгімелеп келу