С. Оспанов «Сегізінші наурыз күні»

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2 «ә» сыныбы
Уақыты: 10.03.Темешова.Н.Р.
Сабақтың тақырыбы: С.Оспанов «Сегізінші наурыз күні»
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық:

Ә) коммуникативтік:

Б) проблеманы шешу:

Оқушыларға ақпарат көздері арқылы С.Оспановтың «Сегізінші наурыз күні» өлеңінің тақырыбын, мазмұнын идеясын терең меңгерту;
Жаңа тақырыптан, өлеңнен алған білімін — өнегені күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру;
Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы ойын жеткізу, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын педагоги-калық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру.
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, машықтық.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Оқыту құралдары:
Интерактивті тақта
Сабақтың барысы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру
бөлімі А) Амандасу
ә) Түгендеу
б) Сабаққа әзірліктерін тексеру. а) Амандасады, танысады.
ә) Кезекшілік қызметтерін атқарады.
б) Назарларын аударады. Сабаққа даярлықты ұйымдастырып, оқу-шылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру — Үйге қандай тапсырма берілді?
— Барлығымыз үй тапсырмасына дайынбыз ба?
Оқушылардан түсінгенін сұрау.
Сұрақ- жауап
1.Мәтінде кім туралы айтылған?
2.Өмірде көртышқанға ұқсас адам бар ма?
3.Мәтінде қай жыл мезгілі туралы айтылған? — К.Серікқалиұлы «Көртышқан» мәтіннен түсінгенін айту.
-ия
Мәтінен түсінгенін айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындық деңгейлері анықталады.
ІІІ. Жаңа мате-риалды хабарлау
Ұлағатты сөздер

Мақал-мәтел

Дәптермен жұмыс Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз С. Оспанов « Сегізінші наурыз күні » өлеңімен танысамыз.
С.Оспанов жазушы, ғалым Қарағанды ауданында дүниеге келген. Қазақтың күйшілік дәстүрін сөз еткен «Күңгір – күңгір күмбездер», « Қазақтың әйгілі күйшілері», « Күй шежіре», тағы басқа кітаптары жарық көрген.

«Сегізінші наурыз күні» мәтінімен таныстыру. Бөліп оқытамын,не айтылғандығы туралы сұраймын.

Үлкенмін ғой мен енді,
Жудым бүгін еденді.
Апаларға арналаған
Жаттап алдым өлеңді,
Өлең айтып беремін,
Нан да алып келемін,
Өйткені мен мамамды,
Өте жақсы көремін.
Бүгін бестік баға алдым
Тағы,тағы алармын,
Үздік оқу-
Тартуым
Мейрамына мамамның!
С.Оспанов

Ана сұлулығы- жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
(Ғ.Мүсірепов)
Ана дегеніміз – әлемнің жан-дүниесі. Оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі
Расул Гамзатов
Берілген мақал-мәтелді жалғастырыңдар.
1.Ана алдында- құрмет,
Ата алдында- ………….
2.Ана сүті-бал,
Баланың тілі-……
3.Ана сүтін ақтамағанды
…… мақтамайды.
4.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр ….. артпа.

Топтық жұмыс.
I топ
«Ана” тақырыбына
сурет салу
II топ
«Ана » ребус құрау
III топ
«Ана» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.
III топқа бірдей тапсыпма
«Ана қуанышы»эссе жазу

— Назар қойып тыңдайды

Оқушылар оқып өлеңнің мазмұнын ашады.

-Апаларына деген ыстық сыйластықтарын іс- қимылмен көрсетіп, апаларына арналған өлеңді жаттап дәлелдеді.
— Анасына өлең айтатындығы, әр дайым көмектесіп, анасын өте жақсы көретіндігі айтылған.

-Әр дайым сабағын беске оқып,анасын қуантқысы келетіндігі айтылған.

Оқушылар өз білгендерін айтып толықтырады.

«Ана өз баласын жанымен де, қаныменде сүйеді”
Б.Г Белинский

Берілген мақал-мәтелді толықтырды.
1.Ана алдында- құрмет,
Ата алдында-.құрмет.
2.Ана сүті-бал,
Баланың тілі-бал
3.Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
4.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Берілген тапсырманы топтаса орындайды.
Сурет салады, суреттегі идеяны айтады.
Жаңа ақпаратпен білімдерін толықтырады.
Ақпарат көздері арқылы автор жайында мағұлмат алып, түсініктері қалыптасады.
Жаңа тақырыпқа белсене араласып,
«Сегізінші наурыз күні» тақырыбын
меңгерді.
Сабаққа белсене араласып өз ойларын толық жеткізе білді.

Мақал-мәтелді еш кедергісіз жалғастыра білді.

Үш топта берілген уақытқа сай тапсырманы орындай білді,
шығармашылық қабілеттері дамиды, өз ойларын еркін анық жеткізуге дағдыланды үйренеді.
Сергіту сәті Менің атым Алма,
Он саусағым талма.
Домбырамды тартайын,
Билейтінің бар ма? Бірге орындайды Оқушылар бойларын жазып, серігіп қалады.
IY Сабақты қорытындылау Венн диограмма.

Ана туралы өлең шумақтарын оқиды.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңілінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер -жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған Жұлдызым жаным
Айым ботам.т.б
Берілген өлең шумақтарын,Дауыс ырғақтарын келтіре отыра,мінерлеп оқып береді. Құзыреттілікке жеткізетін мақсат – міндеттерді орындай отырып сабақ өз мақсатына жетеді
Ү. Үйге тапсырма Сегізінші наурыз күні(жаттау)
-Күнделіктеріне берілген тапсырманы жазып алады. Шығармашылық қабілеттері дамиды, өз ойларын еркін анық жеткізуге дағдыланды үйренеді.
ҮІ. Бағалау
— Оқушыларды бағалап мадақтап бағаларын қоямын.
— Сау болыңыздар!

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады. – Сау болыңыздар!
Оқушылардың сабаққа қатысқаны бойынша бағаланады

— —