Қаратпа сөз

Сабақтың тақырыбы:  Қаратпа сөз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қаратпа сөз және оның тыныс белгілері туралы түсінік беру, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер екенін ұғындыру.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, ережелер, тест сұрақатары, үлестірмелі қағаздар т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  3. Оқушыларды үш топқа бөлу.
    • Дыбыс дегеніміз не?
    • Әріп дегеніміз не?
    • Сөз неден құралады?
    • Сөйлем дегеніміз не?
    • Сөйлем мүшелері.
    • Сөйлем құрауға негіз болатын мүшелерді ата.
    • Оқшау сөздер дегеніміз.

Оқшау сөздер

 

Қаратпа сөз              Қыстырма сөз                Одағай сөз

  1. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді мәнерлеп оқы. Кімдерге қаратылып айтылғанын тап.

Сәлем, қымбатты достым!

Сәлеметсіз бе, қадірлі ұстаз!

Армысыз, әже!

Ата, қайырлы таң!

 

2-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Мазмұнына, тыныс белгілеріне назар аудар. Не байқадың?

Арайлым, сен кітапханаға бардың ба?                        Арайлым кітапханаға барды.

Әже, ертегі айтып беріңізші.                                        Әжем ертегі айтты.

Дүкеннен керек-жарағыңды алуды, ұмытпа,             Қызым дүкеннен керек-жарағын

қызым.                                                                            алуды ұмытпады.

 

Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөздер деп атаймыз. Мысалы: Шынар, сен сабаққа дайындалдың ба?

 

 

 

 

 

 

3-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қаратпа сөздерді тап. Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрлеріне жатады?

— Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті. Өзі бұрын есік ашпаған бала екен, жақсылап көйлек тігіп кигіз.

— Иә, балам, оқып жүрсің бе?

— Оқып жүрмін, Абай ата.

 

  • Қаратпа сөздің тыныс белгілеріне назар аудар.
  • Мәтінді көшіріп жазып, қаратпа сөздердің астын сыз.

 

4-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қаратпа сөзді тап.

Күлдірген-ай, Күлдірген!

Жуамын деп еденді,

Үйдің ішін бүлдірген.

Әй, Күлдірген, Күлдірген!

 

5-жаттығу. Суретке қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап ал. Қарамен жазылған сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Қарға ірімшік тауып алды. Ол ағашқа қонды. Осы кезде түлкі келді. Ол қарғаны мақтай жөнелді. Қарға қарқ етті. Ірімшік жерге түсті. Түлкі ірімшікті жеп қойды.

  • сурет: Қарға ірімшік тауып алды. Ол ағашқа қонды.
  • сурет: Осы кезде түлкі келді. Ол қарғаны мақтай жөнелді.
  • сурет: Қарға қарқ етті. Ірімшік жерге түсті. Түлкі ірімшікті жеп қойды.
  • Ол қарғаны мақтай жөнелді.
  • Қарға, сен мақтауға лайықсың!

 

III. Ой толғаныс.

Шығармашылық тапсырма:

  1. Өмір жасың ұзақ болсын, …!  2. Ой, …, …! Ойналық та күлелік.
  2. …, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар. 4. Рахмет, …!

 

Керекті сөздер:  Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.