«Сувенирлік домбыра»

Ашық сабақ тақырыбы: «Сувенирлік домбыра»

Сабақтың мақсаты: домбыраның шығу тарихымен жасалу жолдарын үйрету. Оқушылардың ой өрісін жетілдіру, қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын үйрету.

Білімділік мақсаты: жергілікті шикізат түрін пайдалану арқылы ұлттық саз аспабының бірі – домбыраны жасауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушының кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбекке іскерлігі мен икемділігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: ұлттық өнерді үйрету эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақ әдісі: жаңа сабақ.

Көрнекіліктер: домбыра жасауға арналған ағаштар, қалыптар, домбыра түрлері, құрал — саймандар.

Қажетті құрал-жабдықтар; Ағаш, желім, ара, балта, егеу, қайшы, наждак қағазы, қашау, пышық түрлері т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Тақырыпты меңгеруге арналған негізгі білім арқылы дайындық.
  3. Жаңа тақырыппен таныстыру.
  4. Сарамандық жұмыс.
  5. Қорытынды.

Ұйымдастыру кезеңі; амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Жаңа тақырыппен таныстыру:

«Домбыра – қазақ халқының рухы мен жаны» — деген нақыл сөз бар. Домбыра асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп, үкі таққан, тас төріне ілген,ең қымбат дүниесі.

Олай болса, домбыраның шығуы туралы аңыз әңгімеге құлақ түрелік.

Баяғыда бір байдың қызы болыпты, ол бір кедей жігітке ғашық болса керек. Қыздың әкесі қарсы болып өлтірмекке бел буады. Қызы жүкті болып егіз ұл табады. Екі ұлды әкесі орман ішіне апарып, бірін күншығысқа, бірін батысқа қаратып аяусыз байлап кетеді. Бірнеше уақыт өткен соң қыз үйінен қашып шығып, өз ұлдарын іздейді. Жолда жылаған дауыс естіліп, жетіп барса, бір тал басында екі шек салбырай ілініп тұрады. Іштей осы екі шектің өз балаларының шегі екеніне көзі жетеді. Ағаштың ойылған жерінде екі шек бір — біріне түйісіп, дыбыс шығарып тұрған екен. Анасы салбырап тұрған шекті тарта отырып, өзінің ішкі мұңын зарлай жеткізсе керек. Домбыра осыдын пайда болған деседі.

Сарамандық жұмыс:

  1. Домбыраның нақты өлшемдерін ағашқа сызып, арамен кесіп алу.
  2. Мойын ағашын сызбаға қарап, өлшемен жону.
  3. Домбыраның шанағын дөңгелек формаға келтіру
  4. Бұрау тетігін перне тектіктерін жасау
  5. Домбыраны өңдеп, тазалау, шектерін орнату.

 

 

Түймесі (ілгегі)
тиегі
Дыбыс ойысы
беті
сағасы
пернелер
Шайтан тиек
құлақтары
шанағы
мойны
басы
   Домбыра

 

 

  1. Қажетті материалды белгілі бір көлемдерімен кесіп,дайындаймыз.(ара, сызгыш, қарындаш, сүргі)

 

  1. Ағашқа домбыраның өлшемін сызып аламыз

(сызғыш, қарындаш)

 

  1. Сызылған домбыра формасын кесіп аламыз.

Тазалап, формаға келтіреміз. (ара, лобзик, наждак қағазы

  1. Домбыра бетіне оюларын саламыз, лак жағамыз, перне, шектерін қондырамыз.(қылқалам, лак, гуашь)

Дайын болған сувинерлік домбыраны сыйлық ретінде сыйлауға болады.

Оқушылар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келесі сабакта жалғастырамыз.

Сау болыңыздар!