Шығарма. «Адамгершілікті мен қалай түсінемін».

Сабақтың тақырыбы: Шығарма.

«Адамгершілікті мен қалай түсінемін». Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Дулат Исабековтың «Ата үміті» хикаятындағы
дүниеқоңыздық пен қатыгездікті, адамгершілік пен адалдықтың жеңетіні жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру, шығарма жаза білуге
дағдыландыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Дулат Исабековтың «Ата үміті» хикаятындағы дүниеқоңыздық пен қатыгездікті, адамгершілік пен адалдықтың жеңетіні жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру, шығарма жаза білуге дағдыландыру

Сабақтың қорытындысы: І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Д.Исабековтың «Ата үміті» хикаятын оқып келу (оқулықтан тыс).