Мазмұндама. Аязда

Сабақтың тақырыбы:  Мазмұндама. Аязда.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, ережелер, тест сұрақатары, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  3. Оқушыларды үш топқа бөлу.

Жуан-жіңішке сұрақтар:

  1. Жылдың неше мезгілі бар?
  2. Қыс айларын ата.
  3. Қыс айында қандай өзгешеліктер болады?
  4. Мағынаны тану.

Мазмұндама.

Аязда.

Тиіннің әдеті қызық. Күннің жылы мезгілінде тиіндер жеке-жеке жүреді.

Әрқайсысының өз ұялары болады.Біреуінің ұясына біреуі байқамай кіріп кетсе,оны түйгіштеп қуып шығады.

Ал суық түскен кезде тиіндер топталып жүреді.Суық түндерде бес-алтыдан бірігіп, бір ұяда бір-біріне тығылып жатады,ұяның аузын шөп-шаламмен

бітеп тастайды. Сыртта алай-дүлей боран соғып тұрса да, тиіндер тып-тыныш

жата береді.

 

Жоспар:

1.Тиіннің қызық әдеті.

2.Суық түскен кездегі топталу.

 

Тірек сөздері мен сөз тіркестері:

байқамай, түйгіштеп, тығылып, шөп-шаламмен,алай-дүлей.

 

                                               III. Ой толғаныс.

Тест жұмысы.

  1. Бірыңғай жуан дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.

а) шілде

ә) маусым

б) сәуір

  1. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.

а) қырман

ә) орман

б) егістік

  1. Қайсысы буынға дұрыс бөлінбеген.

а) ал-ты

     ә) т-өрт

б) е-лу

  1. Төрт буынды сөзді тап.

а) емшілер

     ә) жұмысшылар

б) көршілер

  1. Қай сөзде у дауыссыз?

     а) жауынгер

ә) уылдырық

б) қуыршақ

 

  1. Үй тапсырмасы.

 

  1. Ереже жаттау.
  2. Бағалау

Бағалау критерийі:

«5» — 1- 4 толық қамтылса;

«4» — 1- 3 толық қамтылса;

«3» — 1- 2  толық қамтылса;

Топ басшылары бағалайды.

 

 

 

Оқушының аты — жөні

1.

Үй тапсырмасын орындауы

2.

Сауатты жазылуы.

3.

Дыбыстық талдау жасауы

4.

Шығармашылық тапсырмалар орындауы.

5. Қорытынды баға
1      
2      
3