Етістік сабақ жоспары

Тақырып: Етістік

Мақсаты: 1.Оқушыларға етістік туралы мағлұмат беру, сұрақтарымен таныстыру жаттығу жұмыстарын орындату,

2.Ой- өрістерін, шығармашылық қабілеттерінарттыру. Қызығушылықтарын арттыру. 3.Жылдамдыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, сауатты жазуға

тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру жинақтау сұрақ-жауап,

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

* Оқушылармен амандасу. түгендеу.

* Психологиялық дайындық.

Сыныпта біздің тыныштық.

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешіккенді тоспаймыз.

Күнделікті қызықты

Сабағымызды бастаймыз.

Сабақ кезеңдері:

1-кезең. « Қайталау –білім анасы » үй тапсырмасын тексеру.

2-кезең. « Жаңа сабақтың құпиясы» жаңа сабақты түсіндіру

3-кезең « Талдау – табыс кілті» жаттығу жұмысын орындату.

4-кезең. «Ой қорыту » сабақты қорытындылау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қайталау – білім анасы» үй тапсырмасын тексеру

4-жаттығу. 145 бет

Сынып 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «дарын»ұраны: « Білім өшпес жүректе жанған шырақ»

2-топ: «білім »ұраны: «білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады»

3-топ: «ғылым»ұраны: ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.

(Әр топта басшысы, бағалаушысы болады.)

ІІІ.Жаңа сабақ «Жаңа сабақтың құпиясы»

Жаңа сабақты бастамас бұрын, балалар, «Сыр сандық» ойынын ойнайық.сандық қазақтың ертеден келе жатқан бұйымы.

Кел, балалар, ойнайық !

Ойнайық та ойлайық.

Қандай құпия болса да

Шешпей оны қоймайық ! – деп «Сыр сандықтың» құпиясын шешейік. Сөзжұмбақ шешу.

1.Иесі оның — сәби, әрі төсек, әрі үй. (бесік)

2.Ойдың аяқталуын күтпейді,

Оны қойсаң сөйлем бітпейді (үтір)

3.Зат есімнің сұрағы (Кім ?)

  1. Білімнің дәнін тереді, балаға тәлім береді. (ұстаз)
  2. Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. (әтеш)
  3. Оқушыға күнде еріп, жүретін не ? (күнделік)

7.Таппайтын тағат, тығулы сағат (жүрек)

— ортадағы торкөзде қандай сөз шықты «Етістік» Бүгінгі сабақта етістікпен танысамыз.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар:
— Қазір жылдың қыс мезгілі.
Оқытушы:
— Дұрыс! Ал енді тақтаға қараңдаршы мына сөздердің қыс мезгілімен байланысы бар ма? (қар, аяз, боран).
Оқушылар: Иә, бар.
Оқытушы:
— Олай болса, осы сөздерді қатыстырып, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын айтыңдаршы.
Оқушылар:
— Қыста қар жауады. Аяз болады. Боран соғады.
Оқытушы:
— Жақсы балалар! Қар, аяз, боран сөздері қай сөз табына жатады? Неліктен? (оқушылардың жауаптары)
— Ал өздеріңіз айтқан сөйлемдердегі жауады, болады, соғады сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді?
(оқушылардың жауаптары)
— Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Оқушылар:
— Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Оқытушы:
— Дұрыс, балалар! Бүгінгі сабақта ондай сөздер табынан етістік деп аталатынын біліп, танып, сәйкес жаттығулар орындаймыз.
Тақтадағы суретке қарап, балалардың, әженің не істеп жатқанын айтыңдаршы. Қандай қимыл жасап жатыр? Ол сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ағаш жарды. Гүл суарды. Қыз секірді. Әже ұршық иірді. Домбыра тартты.
(оқушылардың жауаптары)
— Дұрыс! Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).
ІҮ. Оқулықпен жұмыс «Талдау – табыс кілті»

  • Ендеше балалар, оқулықты ашып, дәптерге бүгінгі күнді жазып, жаттығу жұмысын орындайық.
  • Әр топтағы оқушылар орындайды
  • 1 — жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеңнің бастапқы екі үш сөйлемін жаз.
    Заттың қимылын білдіретін қандай сөзді қолдандың. Олар қандай сұраққа жауап береді. Жазған сөйлеміндегі заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып оқы. Бұл сөздерге сұрақ қой.

 

3- жаттығу. Суреттегі жануарлар мен құстардың атын жаз. Олардың қасына не істейді? қайтеді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып қой.

Арыстан ақырады,бұлбұл сайрайды,қасқыр ұлиды, торғай шырылдайды, жылан ысылдайды, бақа бақылдайды, қарға қарқылдайды, аққу сұңқылдайды.

(Тақтаға жаздыру).

Сергіту сәті

Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.

(әр топқа екі сөзден беріледі)

1-топ: қонды, ұшты.

2-топ: жауды, секірді.

3-топ: тасыды жүзді

Ойын: «Кім жылдам ?» Дұрысын тап.

Топтық тапсырмалар:
1 — топ: «Ішінде, сыртында» ішкі шеңберге жалқы есімдерді, сыртқы шеңберге жалпы есімдерді жазу.
Айгүл, Анар, апа, қарындас, Әсел, Айша, сіңлі, әже, ана, Мақпал, Назым, апай, Толқын, Айжан.
2 — топ: Өлең құрау, етістіктерді тауып 2 сызықпен сызу.
Анамызды сыйлаймыз,
…………….. тыңдаймыз
………………………………….
………………… боламыз.
3 — топ: Х кестесіне берілген сөздерді салу.(зат есім және етістік деген топтарға бөлу) Ағаш, қайың, секірді, отырды, бала, қыз, жүгірді, бота, жазды, оқушы, қоян, ойнады, байлады, сүртті.

4 – жаттығу. Сөздерді баған бойынша көшіріп жаз. Мағынасы жақын сөздерді сызық арқылы қос.

жүрді, қозғалды

секірді,ырғыды

күлді,шаттанды

қашты, сытты
5 -жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Балықтар туралы не айтылады? Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

Аңдар жүгіреді, құстар  ұшады, жыландар жорғалайды, ал балықтар жүзеді. Балықтар жүзіп қана қоймайды. Ұшқыш балықтар судан ауаға қарай секіреді.Ал теңіз әтеші деп аталатын балық су түбінде серуендеп жүреді.

ІҮ.Сабақты бекіту. « Ой қорыту»

Сұрақтарға жауап алу.
Қорытынды:
— Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.
— Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
— Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
— Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
— Сөздерге етістік қосып айтыңдар. Түйе….. Мысық…. Қой…. Балалар….. Қар….
(оқушылардың жауаптары

Ү.Үйге тапсырма:2-жатығу.  146 бет

ҮІ. Бағалау.