Менің денемнің құрылысы қандай

Қысқа мерзімді жоспар         

Пән: ЖаратылыстануМектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:  Менің денемнің құрылысы қандай?Мұғалімнің аты-жөні:Мусагалиева Ж.Ш
Сынып: 1 в

Күні: 15.12.2015ж

Қатысқандар:Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:  1.2.3.1 адамның негізгі дене мүшелері жəне олардың қызметтерін атау;  зерттеу құзыреттерін атау; өзіңнің денсаулығыңа   ықыласпен қарауды тəрбиелеу.
Табыс критерийлері:Барлық оқушылар орындай алады:

•   адамның дене мүшелерін жəне олардың атқаратын қызметін атайды;

•   адамның кейбір органдарын атайды;

•   схемадан дене мүшелерінің орналасуын көрсетеді.

Көпшілік оқушылар орындай алады:

•   дене мүшелерінің жұмысын түсіндіреді, олардың маңыздылығын атайды;

•   орналасуын өзіңде көрсету.

Кейбір оқушылар ғана орындай алады:

•   мидың бүкіл организм жұмысын қалай басқаратынын түсіндіру;

•   адам денесінің құрылысын қандай ғылымдар зерттейтінін атау.

Талқылау үшін сұрақтар:

Өзім жайында не айта аламын?

Барлық адамдар бір-біріне несімен ұқсайды?

Несімен ерекшеленеді?

Қандай дене мүшелерін сендер білесіңдер?

Қандай қызмет атқарады?

 
Тілдік мақсат:  Оқушылар  істей алады:

Адам мүшелері қалай жұмыс істейтінін талқылау, қорытынды жасау – өз денсаулығыңды күшейту жəне сақтау үшін организмді білу қажет, сыныптағы балалардың ұқсас жəне ерекше белгілерін талқылау, барлық адамдардың бірдей құрылысын белгілеу.

«Мен өзім» ақпарат көзін қолдану.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Дене мүшелері, анатомия, пішін мен құрылыс, организм, бірдей жəне əртүрлі,

құрылысы, адам денесі.

Көптілділік:

адам – человек– human;

дене – тело – body.

 

Алдыңғы оқу:Адам денесінің мүшелерін айырады жəне атай алады, адам құрылысы туралы қарапайым білімдер.
Жоспар
Жоспарланған уақытЖоспарланған іс-әрекетРесурстар
Басы (1-6 мин)

Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

 

Ширату.

 (Ұ) Мұғалім сабақтағы жұмысқа арнайы жағымды атмосфера жасайды.

«Барлықтарың амансыңдар ма !»

Əр бала белгіленген уақыт ішінде балалардың максималды санымен қол берісіп амандасып шығуы тиіс.

Мұнда басты назар қолды мейірімділікпен қысқанға, адамның көзіне қарай отырып өзіңнің атыңды атауға аударылады.

Қолдарыңды бұлғаңдар,аяқтарыңды тарсылдатыңдар,бастарыңды изеңдер

Қанша қолымыз, қанша аяғымыз, басымыз, саусағымыз бар екенін анықтау

 

 
Ортасы (7-25мин) (Ұ)  Зерттеу  тақырыбына,  зерттеу  нысанына  көңіл  аудару.  Назарды сұраққа аудару: бір-бірімізді не үшін зерттейміз?

Мүмкін нұсқаларды таңдау:

•   Танысу үшін.

•   Бақылап үйрену үшін.

•   Кіммен отыруды таңдау үшін.

•   Бір-бірін жақсы білу үшін.

• Өзіңді білу үшін.

Сыныптағы    балалар    несімен    ұқсас    жəне    бір-бірінен    қандай айырмашылығы бар?

«Менің өзім»

Т) Кестемен жұмыс.

Біздің денеміз қандай мүшелерден тұрады?

Балаларға дене мүшелерінің жұмысы туралы белгілі заттарды айтқан соң, «Адам» сызбасын жасауын ұсыныңыз.

(Ұ) «Не істей алатынын айт жəне көрсет!» ойыны

Педагог дене мүшесін айтады, балалар оны көрсетеді жəне оның не үшін керек екенін айтады, етістіктерді таңдайды:

Қол – бірдеңені алады, ұстайды, жармаса ұстайды, көтереді, түсіреді, басқа жерге қояды, бірдеңені немесе біреуді көрсетеді, шапалақтайды… Аяқ – тұрады, жүреді, аттап өтеді, секіреді, тебеді…

(Ж, Ө) Оқулықпен жұмыс

Дене мүшелері не істейді?

Қорытынды жасауды ұсынады: дененің əрбір мүшесі өзінің жұмысын атқарады.

Мұғалім дене мүшелерінің қозғалысымен денені шынықтыруға ұсыныс жасайды.

•   Аяқтарды түзу ұстап кім тез жүгіре алады.

•   Түзу қолмен стол үстіндегі алманы ал.

•   Қарындашты аяқ саусақтарының арасына қойып, сурет сал.

•   Аяқтармен қолдарды кезектестіріп  тапсырманы орында. Мұғалім ойлануды ұсынады («Мен өзім»): Неге дене мүшелерінің жұмысы туралы білу керек? Ұжымдық қорытынды: Денсаулықты сақтау үшін.

Алынған ақпарат негізінде қарапайым «Денсаулық ережелерін» құрастыру.

Соңы (26-35 мин) Ө, Қ) Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін, сабақтың басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап жіктеуі тиіс.

Кейіннен адамды баспалдаққа орналастырады. Бала тапсырманы дұрыс орындаған сайын, оның фигурасы да баспалдақпен жоғары көтеріледі. Сөйтіп педагог бүкіл сыныптың ақпаратты қабылдауын талдайды..

 

ДифференциацияБағалауПәнаралық байланыс
Кейбір жабайы жануарлар туралы білетін мәліметтерін отраға салу.•  Оқушылар жабайы аңдарды үй жануарларынан

ажырата білуі керек.

Жабайы ма, әлде үй жануары ма?

 

Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.

 

Бақылаулар Оқытудың/сабақтың мақсаттары қолжетімді болды ма ? Оқушылар бүгін неге үйренді? Оқыту жағдайы (атмосф) қандай болды?

Оқушылар арасында жіктелу (дифф.) бойынша əрекеттер табысты болды ма? Уақытша кестені ұстандым ба? Жоспардан тыс қандай ауытқулар жасадым жəне неге?

Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз. 
   
Қорытынды бағалау

Сабақ барысында неғұрлым сəтті өткен екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да…)

Сабақты жақсартуға əсер етер екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да…)

Жалпы сынып пен жеке оқушы туралы жаңа не білдім жəне бұл келесі сабақтың өтуіне қалай əсер етеді?