Манас» жыры

Сабақтың тақырыбы: «Манас» жыры. Сабақтың максаты:

а) білімділік: әлем әдебиетінен түсінік беріп, кырғыздың «Манас» жырына тоқталу, жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен үқсастығын түсіндіре кету; «Манас» жырының әпикалық шығарма екендігін дәлелдей отырып, Манас бейнесін ашу;

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б) тәрбиелік: елін, жерін сүюге, адамгершілікке баулу. Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ,

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, М.Ғабдуллин «Қазақтың халық ауыз әдебиеті» суреті.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау. Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. 1. Д.Исабековтың өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. «Ата үміті» хикаятының мазмүнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға әлем әдебиетінен хабар бере отырып, қырғыздың «Манас» жыры жайлы толық түрде мәлімет беремін.

«Манас» — қырғыздың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам — Манас төңірегіне топталған әнциклопедия. Бүл жағынан ол даланың «Иллиадасы» тәрізді.

Шоқан Уәлиханов.

Халық ауыз әдебиеті туралы Мүхтар Мағауиннің бағасын оқып беремін.

Қырғыз халқының «Манас» жыры — мазмүн байлығы, көлемі мен көркемдік жыр кестесі жағынан да әлем халықтары әдебиетінің алтын қорынан ойып тү_рып орын алатын батырлық әпос. Онда алып Манас батырдың дүниеге келгеннен бастап, бүкіл үрім-бұтағымен жалғасқан батырлық, ерлік дәстүрі қоса жырланады. Әпос аса ауқымды көлем қүрайды. Ол -тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі халықтарының тарихы мен салт дәстүрінен, рухани әлемінен мол мағлұмат беретін әнциклопедия тектес мүра. Онда қазақ халқының тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылып отырады, қазақ жырларымен сарындас тұстар да жетерлік. Манасшылар күнді күнге, айды айға қосып жырлайтын алып жырдың көркем табиғатына кезінде қазақтың ұлы ғұламалары Шоқан Уәлиханов, Мүхтар Әуезовтер ерекше көңіл аударып, оның алғашқы зерттеушілері болған. Сеңдердің назарларыңа, балалар, Манастың алғашқы ерліктерін бейнелейтін ықшамдалған тарауы үсынылып отыр. Манастың балалық шағы

  1. Басталуы: а) перзентсіз ата-ана, оның хал-жайы;

ә) кейіпкердің төтенше жағдайда ерекше туу тарихы мен жылдам өсуі; б) батырдың ерлікпен үйлену тарихы.

  1. Негізгі оқиға: а) батырдың елін қорғауы мен ерлік жорықтары;


ә) елдің талануы;

б)  шапқыншы жаумен соғыс;

в)  жауды жеңіп, ата-мекеніне оралуы.

  1. Аяқталуы: а) жеңіс, қуаныш-той, тыныш өмір, батырдан ұл тууы; ә) батырдың баласының ерліктері.

Манастың дүниеге келуі, оның «Дәу жынды» атануы мен ойын балаларының одан корқуы туралы сұраймын. Оны ауыз әдебиетіндегі батырлармен салыстыру.

Манастың қырық қырғыз баласымен Алтай тауының бауырына жиналып ойнауы. 8 жасар Манас бастаған ойын балаларына 80 қалмақ, оларды бастаған зор қалмақ баласы қырғыз балаларын кемітіп, мазақ қылып, ұрып-соғады. Манастың алғашқы батырлық ерлігінің суреттелуі (Мәтіннен тауып оқу). Әкесі Жақъштың Манасқа ұрсуы.

Қария Ақбалтаның Жақыпқа қайырған жауабы және Манастан күткен ұміті. Манастың аты Айманбоз. Манастың жауға шабуы. Қанжарқолды өлтіруі. Әке мен бала арасындағы араздық.

Осы тезистік жоспар бойынша тақырыпты ашамын. Дәптермен жұмыс.


Кім?

г

Теңеу

■шаадцаи—

  • атқан оқтай-

оғыңцаи-

иелі алтын сияқты-сексеуілщн шоғандай— тартқан сымдай—— баддьфғандай-——-

жолбарыстай-

■арыстандай— шожшңцай— сятай—•—-

авдаи--таудай-

-жарқылдап ■сәулелі •жылдам • с үйкімді

-жалындаған -қымбапы

«і-дызулы •түзу   .

~жас

жауырынды

шүйіліл

қайратгы

айбатгы

жарық

ыстық

сұлу


 


-бүркһтей—

■қыретдай»

■күшті

>ан

■үшідар


 


 

-сынапгаи-

күмістеи қүстай

ОКДІ

қүйындай жолбарыстай сынахшіа садақтай кер мараддай

шапшаң


ш

Қ

гадаи

саоау сеюлді дшодай   ■


Қьірғыз батырлары туралы сурет көрсетемін. Сергіту сәті. Батырлар туралы мақал-мөтелдер

  1. Батыр — батыр емес, батырды бастаған — батыр.
  2. Елін сүйген ер болар.
  3. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
  4. Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер.
  5. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

 

  1. Ерлік білекте емес, жүректе.
  2. Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.

 

  1. Ердің сыншысы -ел.
  2. Шын ер жеңсе — тасымас, Жеңілсе — жасымас.
  3. Ердің ісі — келіс, Ездің ісі — керіс.
    Сабақтың қорытындысы:
    Қорьпындылау сүрақтары
  4. «Манас» жыры қай халықтың шығармасы?
  5. Манас қалай өсті?
  6. Манас батырлығы қалай өрбіді?
  7. Манас қырғыздарды кімдерден қорғады?

Осы сүрақтармен сабақты қорытындылап, белсенділік корсеткен оқушыларды бағалаймын. Үйге тапсырма.

  1. «Манас» жырын түгел оқу, мазмү_ндау.
  2. Қазақ жырларындағы батырлармен салыстыру.
  3. «Манас» жырының өздеріңе ұнаған 5 шумағын жаттап келу.