Негізгі көріністер

Тақырыбы: «Негізгі көріністер»

Мақсаты. Негізгі көріністерді орналастыру туралы білім жүйесімен қаруландыру, басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер, оқулық, бағаланатын жетон

 

                                       Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау

1-слайд: Проекциялау деген не? /Проекциялау дегеніміз нәрсенің проекциясын салу процесі/

Проекциялау  қандай түрлерге бөлінеді? /Центрлік және параллель/ Суреттен мысал келтіру.

2-слайд: Мысалы, краннан шелекке су аққанда шелектің ізі қандай болады?  / шелектің түбінің диаметрі үлкейеді /

3-слайд: Мысалы, жерде тұрған шелекке жаңбыр жауса, ізінің көлемі қандай болады?

/ бірдей /

4-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, онда ол центрлік проекциялау деп атайды.

5-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір-біріне параллель болса, онда ол параллель проекциялау деп атайды. Соның ішінде параллель проекциялау қиғашбұрышты және тікбұрышты проекцияға бөлінеді.

6-слайд: мысалы, жаңбыр желмен біыңғай жауып тұрса, ол жермен сүйір бұрыш жасайды, сондықтан оны қиғашбұрыш проекциялау деп атайды.  Егер жаңбырдың тамшылары жермен тік бұрыш жасаса, онда ол тікбұрышты проекциялау деп атайды.

7-слайд: Екі нұсқамен берілген тапсырманы орындайсыңдар: сандармен белгіленген элементтерді атаңдар. Орындауға 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап берілген саны бойынша бағаланады.

І – нұсқа                                                                    ІІ — нұсқа

8-слайд: Дұрыс жауабы – 1- фронталь проекция                               6 –Z осі

2-куб                                                           7 – профиль проекция

3- фронталь жазықтық                              8 – профиль жазықтық

4 – Х осі                                                      9 —  У осі

5 – горизонталь проекция                     10 – горизонталь жазықтық

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

ІІІ. Жаңа тақырып хабарланады: Негізгі көріністер /9-слайд/

10-слайд: Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні. Мысал келтіріледі.

11-слайд:  Сызбадағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Текшенің алты жағы бар.

12-слайд: 1- Алдыңғы(басты) көрініс,  2- Үстіңгі көрініс,   3- Сол жақ көрініс,    4-Оң жақ көрініс,   5-Астыңғы көрініс,   6-Артқы көрініс. Бірақта, біздер еуропалық жүйесімен үш көріністі аламыз, олар – алдыңғ, үстіңгі және сол жақ көріністер. Нәрсенің  алдыңғы көрінісі  туралы  толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Сондықтан оны басты көрініс деп атайды.

13-слайд: Басты немесе алдыңғы көрініс – проекциялардың  фронталь жазықтығында шығатын кескін

14-15 слайд: Үстіңгі  көрініс – проекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін

16-17 слайд: Сол жақ көрініс –  проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін

18-слайд:Көріністерді сызбада орналастыру

Басты немесе алдыңғы көрініс     Сол жақ көрініс

 

 

Үстіңгі  көрініс

 

19-слайд Кейде сызбадағы толық көріністің орнына бір бөлігін ғана қолданатын жағдайлар болады. Жергілікті көрініс дегеніміз –нәрсе бетінің жекелеген, шектеулі бөлігінің кескіні.

20-слайд:Сызбадағы көріністер саны ең аз болуға тиіс, бірақ нәрсенің өлшемдері мен пішінін толық айқындауға жеткілікті болуы керек.

21-слайд:Сызбада ось координаталар және көмекші сызықтар жүргізілмейді, бірақта көріністер стандарт бойынша дәл бір-бірінің бойында орналасуы тиіс.

ІҮ. Бекіту.  

22-слайд:Сызбаға қарап нәрсенің үш көрінісін табу

Жауабы: 4,   3,  Б

23-слайд:Сандармен белгіленген 6 тетікбөлшектің екі көріністері мен әріптермен

Белгіленген көрнекі кескіндері берілген. Әр кескіннің көріністерін табыңдар.

24-25 слайд: Блиц-сұрақтар “Дұрыс” немесе “Қате”

Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні +
Алдыңғы көрініс — проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін
Үстіңгі  көрініс – проекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін +
Сол жақ көрініс –  проекциялардың фронталь жазықтығындағы кескін
Алдыңғы көрініс – ол басты көрініс +
Сызбада көріністердің саны көп болу керек

Ү. Өзіндік жұмыс.

26-слайд: Графикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Нәрсенің үш көрінісін сызу:

  1. Басты (алдыңғы), үстіңгі және сол жақ көріністерді анықтау.
  1. Үш көрінісін сызу.

Сызбада проекциялық байланыс болсын!

Стандарт бойынша сызық түрлерін орынды қолданыңыз!

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы: 4.12 сурет