Геометриялық денелер беттерінің өзара қиылысуы

Тақырыбы: «Геометриялық денелер беттерінің өзара қиылысуы»

Мақсаты: оқушыларды геометриялық денелер проекциясы туралы біліктілітерін арттыру,  геометриялық денелердің бі-бірімен қиылысу нүктелерін табу тәсілдерін үйрету, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: қиылысу нүктелерін жаттығу арқылы таба алады..

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру

Құрал-жабдықтар:  оқулық, сызба құралдары, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа тақырып түсіндіру.

Құрылымында әр түрлі геометриялық денелердің беттері өзара қиылысып орналасатын тетікбөлшектер техникада жиі кездеседі. Мұндай беттер өзара қиылысқан кезде қиылысу сызықтары /өту сызықтары/ пайда болады.Денелер бетінің қиылысу сызықтарын тұрғызу нүктелерді табудан басталады.Көмекші жазықтық ретінде берілген екі бетті қарапайым – түзу немесе шеңбер сызықтармен қиып өтетін жазықтықтарды таңдайды, сонымен бірге, шеңбер проекция жазықтығына параллель жазықтықтарда орналасуы керек.

Көпжақты беттердің өзара қиылысуы. Екі көпжақ қиылысқан кезде олардың қиылысу сызықтары сынық сызық болады. Мысалы, екі призманың қиылысуы. Вертикаль орналасқан параллелепипедтің барлық қырлары горизонталь орналасқан призманың жақтарын қиып өтеді. Призманың екі қыры параллелепидтің жақтарын қиып өтеді.

 Қиылысу нүктелерін табу тәсілі түсіндіріледі.

Айналу денелердің қиылысуы. Практикада екі цилиндрлік беттің қиылысу жағдайлары жиі кездеседі.Осі проекция жазықтығына перпендикуляр екі түзу дөңгелек цилиндр беттерінің қиылысу сызықтарын тұрғызу мысалы түсіндіріледі.

  1. Өзіндік жұмыс. 43-сурет. Екі қиылысатын призманың – төртбұрышты және үшбұрышты, үш проекциясы көрсетілген. Сызбада фронталь проекциясын тұрғызу аяқталмаған – қиылысу сызығының проекциясы корсетілмеген. Үш проекциядағы қиылысу сызықтарын тұрғызу.

4.Бағалау

  1. Үй жұмысы. 3. 31- сурет