Техникалық сурет

Тақырыбы «Техникалық сурет»

Мақсаты: техникалықсуретті құру әдістерін үйрету, аксонометриялық білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойларын дамыту, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: нәрсенің техникалық суретін көз мөлшерімен, пропорцияларын сақтай отырып сыза біледі.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Әдістері: сарамандық жұмыс

Құрал-жабдықтар: қарындаш, өшіргіш, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы

     І — ұйымдастыру бөлімі

     ІІ – үй жұмысын тексеру (сызбаларын тексеру)

ІІІ – жаңа тақырыпты түсіндіру

 

Көрнекі кескіндерді орындау жұмысын оңайлату үшін көбінесе техникалық суреттер пайдаланады.

       Техникалық сурет дегеніміз – бұл аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Бұл жағдайда аксонометриялық проекциялар салғандағы ережелерді сақтау керек: осьтерді сондай бұрыштар жасай орналастырады, ал өлшемдерді осьтер бойына түсіреді. Техникалық суреттерді тор көзді қағазға орындаған қолайлы.

Шеңберді және шеңбердің изометриялық проекциясын тор көзге орналасуы түсіндіріледі.

ІІІ — өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріне берілген нәрсенің техникалық суретін салу.

ІҮ – бағалау: сыныптғы жұмысты дұрыс және таза орындаған оқушылар бағаланады.

  Ү – үй жұмыс диаметрі 40 мм шеңберді және изометриялық проекциялардағы шеңбердің кескініне сәйкес келетін овалды салу.