Тік бұрыштап проекциялау

Тақырыбы: «Тік бұрыштап проекциялау»

Мақсаты: Тік бұрыштаппроекция туралы білім беріп, логикалық тапсырма арқылы бекіту, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтиже: 1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;

  1. Сұрақтарға еркін жауап бере алады;
  2. Мысалдар және сызбалар арқылы проекция туралы түсінік алады.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдістері:  ақпараттық технология, СТО сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, жұппен, топпен жұмыс, жетон арқылы бағалау.

Құрал-жабдықтар:  компьютер, оқулық, тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.

Сабақ барысы

І. Қызығушылықты ояту

Мысал, аулада шелек суымен жерде тұрғанда жаңбыр жауды делік. Жәй желсіз жаңбыр.

Жаңбырдың тамшылары жерге тікбұрышты болып түсіп жатыр, яғни, параллель тамшылар тікбұрышты деп аталады (2-слайд)

                                               ІІ Мағынаны тану

Егер нәрсенің проекциясын салу үшін пайдаланатын сәулелер бір

нүктеден тарайтын болса, онда ол центрлік проекциялау деп атайды.

Егер проекциялаушы сәулелер бір-біріне параллель болса, ол параллель

проекция деп аталады. Параллель проекциялаудың 2 түрі бар:

проекциялаушы сәулелер жазықтыққа тікбұрышты бұрышты болып түссе,

ол  тікбұрышты проекция деп аталады, ал қиғашбұрышты проекцияланса

— қиғашбұрышты проекция болады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

                                               Тікбұрыштап проекциялау әдісі.

Проекциялардың вертикаль жазықтығын  таңдап аламыз. Көрушінің алдына орналасқан жазықтықты  фронталь жазықтық деп атайды. Енді нәрсені алдыңғы жағынан қарай отырып, оның осы жазықтықтағы проекциясын құрамыз. Ол үшін жазықтыққа нәрсенің әр төбесінен, бір- біріне параллель сәулелер жүргіземіз.Жазықтықпен қиылысқан нүктелерді қосып нәрсенің проекциясын аламыз. (3-слайд)  Алынған проекция бойынша нәрсенің тек екі өлшемін ғана білеміз: нәрсенің биіктігі мен ені және тесіктің диаметрі. Кейде жуандығын нұсқаменен беріледі. Ендеше бір проекция нәрсенің толық өлшемін көрсете алмайды. Мысалы, (4-слайд), осы проекция туралы қандай нәрсе екенін елестетуге бола ма? Жоқ. Бұл проекция арқылы түрлі нәрселер болуы мүмкін. (5-слайд)

Сондықтан екінші проекция жазықтығын аламыз. Егер нәрсенің бір емес, екі проекциясын өзара перпендикуляр екі жазықтыққа: фронталь және горизонталь жазықтыққа салсақ, онда мұндай кемшіліктерді жоюға болады.

Фронталь проекциясына алдыңғы жағынан, ал горизонталь проекцияға – үстіңгі жағынан қарастырамыз.

(6-слайд)

Нәрсенің пішінін анықтау үшін екі проекцияда жеткіліксіз, мұндай жағдайда үшінші проекция қажет болады. Мысалы    ( 7-слайд)

Нәрсенің пішіні туралы толық ақпарат алу үшін өзара перпендикуляр үш жазықтыққа проекциялауды қолданамыз. Олар: фронталь, горизонталь және профиль жазықтықтар. (8-слайд)

Бекіту. Әріппен берілген проекцияларының сандармен берілген көрнекі кескіндерін тап.

(8-слайд)

ІІІ Ой толғаныс

Сынып екі топқа бөлінеді. СТО бағдарламасының «тапсырманы бөлісіп сызу әдісі»  /топтық жұмыс бойынша 2 топқа тапсырма беріледі.

І топқа тапсырма: Нәрсенің екі проекциясын орындау

ІІ топқа тапсырма:

Нәрсенің екі проекциясын орындау

ІҮ Бағалау

Ү Үй жұмысы.41-бет, 93-суре