Шеңбердің аксонометриялық проекциялары

Тақырыбы: «Шеңбердің  аксонометриялық  проекциялары»

Мақсаты: Тік бұрыштаппроекция туралы білім беру, сызба сызу дағдыларын арттыру, овал, эллипс сызып үйрену, графикалық білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Үлкен және кіші осьтер арқылы эллипс сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:   практикалық сабақ

Құрал-жабдықтар:  оқулық, тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.

Сабақ барысы

     І. Ұйымдастыру

     ІІ. Қайталау:  сұрақ-жауап

  1. Қандай жағдайда тікбұрышты проекция деп айтады?
  2. Сызбада нәрсенің бір проекциясын салу әрқашан жеткілікті ме?
  3. Қандай жағдайларда нәрсені үш проекция жазықтарына тікбұрыштап проекциялау қолданылады?

      ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жазықтығы проекциялар жазықтығына көлбеу болатын шеңбердің проекциясын алу үшін, оның нүктелерінің проекцияларын тауып, оларды қисық сызықпен қосу керек. Шеңбердің параллель проекциясы болатын қисық – тұйық сызық. Оны – эллипс  деп атайды. Эллипстің центрі – О нүктесі. Оның екі нүктесін қосатын кесінді центр арқылы өтсе, оны диаметр деп атайды. Ең ұзын диаметр эллипстің үлкен осі, ал ең қысқа диаметр эллипстің кіші осі болады. Осьтер өзара перпендикуляр орналасады. Шеңбердің изометриялық проекциясын шаршының аксонометриялық проекциясына орналастырады. Ал диметриялық проекциясында біреуі шеңбер, қалғандары овалболады. Шеңбердің изометриялық проекциясы Эллипс деп  атайды.

Шеңбердің проекциясын салу тәсілі

  1. Шеңбер центрінің изометриясы Ò нүктесі арқылы x`және ỳ  осьтеріне параллель түзулер жүргіземіз. Оларға Ò нүктесінен бастап шеңбердің радиусына тең кесінділер салып, АВС және Д нүктелерін аламыз.
  2. А және В нүктелері арқылы СД түзуіне параллель түзулер, ал С және Д нүктелер арқылы

АВ түзуіне параллель түзулер жүргізсек, 1234 төртбұрышын аламыз. Бұл төртбұрыш –ромб.

  1. 2 нүктесін центр етіп алып, А және Д нүктелерін шеңбердің доғасымен қосамыз,  сол сияқты 4 нүктесін центр етіп алып, В және С нүктелерін шеңбердің доғасымен қосамыз.
  2. В және С нүктелерін 4 нүктесімен қосатын түзулер ромбының  үлкен диагоналін 5 және 6 нүктелерінде қияды. 5 нүктесін центр етіп алып, В және Д нүктелерін, 6 нүктесін центр етіп алып, А және С нүктелерін шеңбердің доғаларымен қосып, алдыңғы екі доғаны тұйықтаймыз

ІҮ Бекіту  Кубтың үш жағына эллипс салу

Ү Бағалау.

ҮІ Үй жұмысы  2. 36-сурет.