Параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу. Түзу кесіндісін және шеңберді тең бөліктерге бөлу

Тақырыбы: «Параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу. Түзу кесіндісін және шеңберді тең бөліктерге бөлу»

Мақсаты: Өзара параллель немесе перпендикуляр түзулерді салып,  түзу кесіндісін және шеңберді тең бөліктерге бөлуге дағдыландыру

Күтілетін нәтиже:  Параллель және перпендикуляр түзулерді аспаптар арқылы салып үйренеді;

Шеңберсызар көмегімен шеңберлерді 3, 6, 12, 8, 16 тең бөліктерге бөле алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру

Әдістері:             жаңа тақырыпты таныстыру

Құрал-жабдықтар:  әдістемелік нұсқа, оқулық, тақта, сызба құралдары жұмыс дәптері

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

    Берілген АВ кесіндісін тең п бөлікке бөлу (17. а-сурет).Ол үшін осы кесіндінің бір ұшы, мысалы, А нүктесі арқылы қалауымызша сәуле жүргіземіз. Осы түзудің бойына ұзындығы қалауымызша алынған өзара тең п кесіндіні А нүктесінен бастап өлшеп саламыз. Ап нүктесін В нүктесімен түзу арқылы қосамыз. Бөліну нүктелері А1, А2, … , Ап-1 арқылы АпВ түзуіне параллель түзулер жүргізсек, олар АВ кесіндісін В1, В2, … , Вп-1 нүктелерінде қияды.

А2                                             В

В2

А1                             В1

 

А

Шеңберді тең 3, 6, 12 бөлікке бөлу (18, а-сурет).

С          Д          Е

           С                  Е                                                            И

В                                           Сызу әдісі түсіндіріледі.

А             О           В                    А

Ж

К                             М

Д                       Ғ                        П                           Р

Т

Шеңберді тең 4, 8, 16 бөлікке бөлу (18, б, в-сурет).

Сызу әдісі түсіндіріледі.

 

Шеңберді тең 5, 10 бөлікке бөлу (18, г-сурет).

Өзіндік жұмыс.  24-бет, №1,2,3, жаттығу

Үйге жұмыс. Диаметрі 48 мм-ге тең шеңберді тең бес бөлікке бөл. Осы бөліну нүктелері төбелері болатын бесбұрышты жұлдыз сал.

 

Таза, дұрыс сызған оқушылар бағаланады.