Сызба сызықтарының түрлері

Тақырыбы: «Сызба сызықтарының түрлері»

Мақсаты: Оқушыларды сызба сызықтарының түрлерімен таныстыра отырып, сызықтарды ажыратуға және дұрыс сызуға үйрету, графикалық сауаттылықтарын дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істей отырып сызықтардың түрлерін сызады

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:              практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  компьютер, слайд, сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат А4

                                                   Сабақтың барысы 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы қайталау
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Нәрселерді сызбада кескіндеу үшін жазылуы мен жуандығы әр түрлі сызықтар қолданады. Негізгі жуан тұтас, тұтас жіңішке, тұтас ирек, штрих, штрихпунктир жіңішке, жіңішке қос нүктелі штрихпунктир, үзік сызық.

Бірақта пайдаланатынымыз тек 4 түрі, олар төмендегі кестеде көрсетілген.

Сызба сызықтарының түрлері

Сызықтың аталуыСызық түрі және өлшемдеріСызық жуандығы

 

1. Негізгі жуан тұтас сызықS 0,5 … 1,4 мм

 

2. Штрих сызықS /3  …  S/2

 

3. Жіңішке  штрихпунктир сызықS /3  …  S/2
4. Жіңішке тұтас сызықs /3  …  S/2

 

5. Ирек сызықs /3  …  S/2

 

Компьютермен слайд арқылы сызықтардың түрлері сызбадағы қолдануы көрсетіледі.

3-слайд    

         Тұтас жуан сызық — Жуан сызықты мынадай жағдайда  қолданады:

      1 .нәрсенің көрінетін контурын сызуда

  1. рамка мен негізгі жазуды сызуда

4-слайд

  Тұтас жіңішке сызық шығарма, өлшем және штрих кезінде қолданады.

5-слайд

Штрих сызық  көрінбейтін контурды сызуға арналған сызық , әр штрихтың контуры бірдей болу керек.

6-слайд

Штрихпунктир сызық осьтік және центрлік сызықтар, қима сызықтар үшін пайдаланады. Әр сызықтың ұзындығы  сызбаның үлкендігіне қарай 5 — 30 мм. Штрихтардың аралары 2 — 3 мм.

7-слайд

Ирек сызық . Кескін толық берілмеген жағдайда қолданады.

 

Оқушының іс-әрекеті:  2-кестені толтыру

Бағалау.    

Үйге жұмыс:  Дәптерге сызық түрлерін сызу.

Үйге жұмыс: 20-бет, практикалық тапсырма