Ашық сабақ тақырыбы: «Сувенирлік бесік жасау»

 

Ашық сабақ тақырыбы: «Сувенирлік бесік жасау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды бұйым сызбасын сызуға, оқуға және сызба бойынша жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік:  ұлттық қол өнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық:  оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақты ұйымдастыру:  топқа бөліп оқыту.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сарамандық  және өз бетімен жұмыс.

Құралдар: ағаш, желім, ара, балта, пышақ түрлері, егеу, сүргі, қағаз, сызғыш.

Ұйымдастыру бөлімі:

  1. Жаңа сабақ
  2. Жаңа материалдарды қолданып үйренуге дайындық
  3. Оқушыларды топқа бөліп, оларға жеке – жеке тапсырмалар бөліп беріп, оны түсіндіру
  4. Сарамандық бөлім
  5. Қорытындылау

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау)
  2. Жаңа сабақты жариялау, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
  3. Жаңа сабақтың мақсатымен танысу: сувенирлік бесік жасау

Бесік – көшпелі ғүмыр кешкен ата – бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді тузе», «Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді» деген тәрбиеге байланысты айтылған ұлағатты сөздері бар. Бесік ұлттық өнеріміздің туындысы, ұлттық тәрбиенің құралы. Көшіп – қонып жүрген халқымыздың ғасыр бойы тәжіребесінен туындаған, заман сынынан сынбай өткен киелі бесік тұрмысқа ыңғайлы, балаға пайдалы.

Бесіктің ең қарапайым түрі қайың, тал т.б. оңай иілетін әрі женіл ағаштан жасалады. Бесіктің құрамы 15 бөліктен тұрады: бір бел ағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт шабақ, екі сабау.

Жұмыс орынын ұйымдастыру: қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  1. Жұмыс киімінді киін (алжапқыш, халат)
  2. Жұмысқа қажетті құрал- саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер
  3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орыныңда артық заттар тұрмауын қадағала.
  4. Жұмыс орыныңды әрдайым тазалап отыр.
  5. Жұмыс кезіңде әр нәрсеге алаңдама.
  6. Жұмыс орыныңды ретке келтір. Ағаш қалдықтарын ауызбен үрме.

Сарамандық жұмыс: алдымен қажетті көлемде ағаш кесіп дайындаймыз.

 

Сабақты қортындылау мақсатында топтасып, «Қолөнер» сөзжұмбағын шешу.

  1. Қорқыт атамыз қандай қазақтың ұлттық аспабында ойнады? (қобыз)
  2. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ ол не?(домбыра)
  3. Қазақ батырларының жаудан қорғануға қолданған қаруының бірі?(қалқан)
  4. Жасалған бұйымдарға әр беріп тұратын ою қалай аталады?(өрнек)
  5. Қыздың жасауын салуға арналған жиһаз?(сандық)
  6. Ат әбзелдерінің бірі?(ертоқым)
  7. Ата бабаларымыздың сусын құюға арналған ыдысы?(торсық)