Ғасырдың ғажап үш тірегі

Тақырыбы: Ғасырдың ғажап үш тірегі.

Садуахасова Гуляйм Алексеевна

І санатты математика пәні мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Достық ауылы

Достық жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың математика, информатика және физика пәндерінен  алған білімдерін жинақтау. Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Ә) тәрбиелік: Оқушыларды логикалық есептерді шығаруда шыдамдылыққа және ойын арқылы ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Б) дамытушылық: іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін және оқушылардың білім дағдыларын дамыту.

Әдісі: топтар арасындағы сайыс

Көрнекілігі: физика, математика, информатика ғылымы туралы қанатты сөздер, ұлы ғалымдардың портреттері, компьютер

 

1- жүргізуші:  Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар, өз ойын, пікірлерін білдірген.

Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А.Құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, еліңе, халқыңа пайдаң тисін»,-деді.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.

2- жүргізуші:  Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық,- деп айтып отыр.

1- жүргізуші:  Ғылыми-техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының дамуы жаратылыстану ғылымының құрылымын анықтау үшін математикалық білім алу ерекшелігіне қызығуды арттыруда математиканың, физиканың, информатиканың орасан зор маңызы бар. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдайтын, мектебіміздегі білімді жастардың білімін сынайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты интеллектуалды сайысымызды бастаймыз.

2- жүргізуші:  Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батымды. Ендеше ортаға білімді жастарымызды шақырамыз. 9,10,11 сыныптардан құралған топтарды қарсы алайық.

1- жүргізуші:  Кешімізді бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық және бүгінгі кештің жоспарымен таныстырып өтейін.

Жоспары:

  1. «Иә» не «Жоқ». (әр топқа сұрақтар қойылады, «иә», «жоқ» деп жауап берулері керек)
  2. «Бұл кім?» (сұрақ қойылып, компьютер арқылы суреті көрсетіледі. Кім екенін анықтау керек)
  3. «Кім жылдам» (сұраққа тез жауап беру керек)
  4. «Адасқан әріптер» (қазақ алфавитінде әріптердің орналасу реті бойынша берілген ғылым туралы нақыл сөзді ашу керек)
  5. «Қара жәшік»
  6. «Іздеген жетер — мұратқа»

 

1- жүргізуші:  Сіздерді бұл ойынға шақырамыз

Есептеп басыңызды қатырамыз

Математика әлемін ұғындырып

Аз да болса білімді толтырамыз.

Қатысыңыздар, қолдаңыздар

Ойыннан шет қалмаңыздар

Ойнаңыздар, ойлаңыздар

Жайбарақат болмаңыздар

І. «Иә» не «Жоқ». (әр топқа сұрақтар қойылады, «иә», «жоқ» деп жауап берулері керек)

1- топ

  1. Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым Коперник пе? (иә)
  2. Қысымды амперметрмен өлшей ме? (жоқ)
  3. Ақпарат тасушы сигнал болып табыла ма?(иә)
  4. Дәлелденбейтін ұғым анықтама деп аталады ма? (жоқ)
  5. «Геометрия» — латын сөзінен алынған ба? (жоқ)

2-топ

  1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс интерфейс деп атала ма? (иә)
  2. Паскаль программалау тілінің авторы Блез Паскаль ма? (жоқ)
  3. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы косинусты бере ме? (иә)
  4. соs1800 – тің мәні 1-ге тең бе? (жоқ)
  5. Күн 4-ші тұрған планета ма?

3- топ

  1. Темір затқа жата ма?( иә)
  2. 35 дәрежесі 343-пе? (жоқ)
  3. Кернеудің өлшем бірлігі Кулон ба? (жоқ)
  4. Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеген Магеллан ба? (иә)
  5. Информатиканың атасы Билл Гейтс пе? (жоқ)

 

 ІІ. «Бұл кім?» (Топтарға ортақ сұрақ қойылып, компьютер арқылы суреті көрсетіледі. Кім екенін анықтау керек)

 

  1. Математикаға алгебра атауын кім енгізді?
  2. Неміс философы Гегель былай айтқан: «Әлемді құртқан үш алма: Адамның алмасы, Паристың алмасы және оның алмасы». Кім туралы айтқан?
  3. Телефонды кім ойлап тапқан?
  4. Талғат Мұсабаев – ғарышқа сапар шегіп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысқан қазақ ғарышкері. Қазіргі кезде қандай қызметте?
  5. Ғылымның биігіне жетсең, әлемді де тани аласың

Ең алғашқы әйел математигі?

ІІІ. «Кім жылдам» (сұраққа тез жауап беру керек)

 

           1 топ сұрақтары

  1. 25 нешеге тең
  2. Ұзындықтың өлшем бірлігі
  3. 1012 дәрежесі
  4. 106 дәрежесі

         2 топ сұрақтары

  1. Дененің жылдамдығының уақытқа байланысты өзгерісі
  2. Алды арты шексіз
  3. Ауаның құрамындағы газ
  4. 5-ке оқитын оқушы

           3 топ сұрақтары

  1. 103 дәрежесін қалай атайды?
  2. және 3 саны бір – біріне қандай сан?
  3. Адамның сыртқы қабаты
  4. Қызыл кітапқа енген құрып бара жатқан киік тұқымдас жануар

ІҮ. «Адасқан әріптер» (қазақ алфавитінде әріптердің орналасу реті бойынша берілген ғылым туралы нақыл сөзді ашу керек)

1-топқа.  29,12,11,12,14,1,24,1,3,12,6,1,24,24,25,23,1,16,37,6,37,16,37,17.

Жауабы: Физика – табиғат туралы ғылым

2-топқа. 24,1,18,17,1,25,8,17,1,25,12,14,1,6,37,16,37,17,37,18,37,19,

38,23,5,8,25,1,24,37.

Жауабы: Сан – математика ғылымының іргетасы

3-топқа.1,15,22,1,23,1,25,25,1,18,7,37,23,26, 6,37,16,37,17,37,12,18,29,

20,23,17,1,25,12,14,1.

Жауабы: Ақпараттандыру ғылымы — информатика

Ү. «Қара жәшік»

Эскимостар бұны сұйық, жеңіл, ауыр, сынғыш әрі жылтырақ болады деп санайды. Сонымен қатар олардың екі жүзге жуық түрін ажырата алады. Бұл не?

Жауабы: Қар

ҮІ.  «Іздеген жетер  — мұратқа».  І топқа информатика пәнінен, ІІ топқа физика пәнінен, ІІІ топқа математика пәнінен қиылған қағаздар беріледі. Қағаздарға әріптер, таңбалар белгіленген. Берілген пәндер бойынша формулалар, теңдіктер, сөздер құрастыру керек.

(Жауабы: Егер дұрыс шешілген болса ИФМ деген сөз шығады)

 

1- жүргізуші:

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ

 

Тағы да үйренерміз аман болсақ

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

(Ән орындалады, көрермендермен ойындар ойналып, әділ-қазыларға сөз кезегі берілед