Музыка және қолданбалы өнер

Майханова Гүлжанат Бердалиевна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы, №22 ОЖББМ-інің ІІ санатты тарих пәні мұғалімі
Сыныбы 10а Күні
Сабақтың тақырыбы: Музыка және қолданбалы өнер.
Мақсаты: Қазақ халқының музыка өнерінің түрлері,ерекшеліктері және музыка өнеріне үлес қосқан әнші-күйшілер туралы білу.
Күтілетін нәтижелер:
1.Қазақ халқының музыка өнеріне үлес қосқан әнші-күйшілерді біледі.Барлығы
2.Қазақ халқының музыка өнерінің тарихын жан-жақты зерттейді. Көпшілігі
3. Сол кездегі қазақ халқының музыка өнерін қазіргі заманғы музыка өнерінін даму деңгейлерін салыстырады.Талантты және дарынды оқушылар
оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, тест тапсырмалары, бағалау парағы, стикер, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану,(мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей), интернет материалдары.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
АКТ мүмкіндіктерімен интерактивті тақта,Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, белсенді оқу,«Ыстық орындық» әдісі арқылы үйтапсырмасын бекітемін,«Жәрмеңке» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгертемін.деңгейлік тапсырмалар, стикердегі диалог, формативті бағалау түрлері т.б.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе:
3-5 минут
Сыныппен амандасамын. Сыныпты топқа бөлемін.Топтың ережесін еске түсіремін. Үй тапсырмасын тексеру: «Қазақ фольклоры» «Ыстық орындық » әдісі арқылы үй тапсырмасын бекітемін.
Ой қозғау: түрткі сұрақ қоямын.
«Өнер» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің? Қазақ өнерінің қандай түрлерін білесіңдер? «Өнерлі адам» деп кімді айтамыз?
Құрманғазының «Балбырауын» күйін тыңдатамын.Сұрақтар қою арқылы оқушылардың күйден алған әсерлерімен бөлісемін.Бұл өнердің қай түріне жатады?
Сәлемдеседі. Үш топқа бөлініп отырады.
Бір оқушы үй тапсырмасының тақырыбы бойынша, « ыстық орындыққа» отырады, қалған топ оқушылары сұрақ қояды. Оқушы жауап бере алмаса, тобы көмекке келеді.
— оқушылар топпен ақылдаса отырып, қойылған сұраққа жауап береді.

-оқушылар Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін тыңдай отырып, күйден алған әсерлерін бір-бірімен бөліседі және қойылған сұраққа жауап береді.
Тұсаукесер:
8-10 минут

Жаңа тақырып: «Музыка және қолданбалы өнер»
Видео ролик көрсетемін: Қазақстан ұлттық телеарнасы Жас күйші Нұржан Сағынай

Жаңа тақырыпты «Музыка және қолданбалы өнер» дәптерлеріне жазады.
Сабақ мақсатын анықтайды
Сабақ критерийлерін шығарады:
 Қазақ халқының музыка өнеріне үлес қосқан әнші-күйшілерді анықтау.
 Қазақ халқының музыка өнерінің тарихын жан-жақты зерттеу.
 Сол кездегі қазақ халқының музыка өнерін қазіргі заманғы музыка өнерінін даму деңгейлерін салыстыру.
 Талдау, мысал келтіре алу.
 Жинақтау,сұрақтар қою арқылы бекіту.
 Қолдану,тапсырмалармен жұмыстану.
 Бағалау.

Негізгі бөлім:
10-15 минут
Қорытынды
8-10 минут
Оқулықпен жұмыс: Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау.Әр оқушыға қол жетімді тапсырмалар беру.

Проблемалық тапсырма: Қазақтың музыка тарихының кезеңдерін және әрбір кезеңнің күйлерін көрсетіп, кестені толтырыңдар.

Өзіндік жұмыс: термин сөздермен жұмыс.
Жар-жар,Беташар,Тойбастар,Сыңсу,Бесік жыры,Жоқтау
Визуалдандыру әдісі: Картадан әншілік мектептердің негізгі аймақтарын көрсетіп,баяндап беріңдер.
Ильюстрациялау әдісі: фото суреттердегі қазақ халқының музыкалық аспаптарына сипаттама беріңдер.
Кестені толтыр: қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлерін анықтап,кестені толтырыңдар.
«Жәрмеңке» әдісі: Қазақтың әнші -күйшілері:
Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913ж.ж)
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897ж.ж)
Кенен Әзірбаев( 1884-1976ж.ж)
Мұхит Мералыұлы
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»
«Қазақтың қолданбалы өнері» қолөнер бұйымдарының көрмесінің қысқаша мазмұнына тоқталып, баяндап беріңдер.
Бейне клип: Махамбет «Жұмыр қылыш» күйін көрсетемін. Құрманғазының «Балбырауын» күйі мен Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйлерінің даму деңгейлерін салыстырыңдар.
Жаңа сабақты қалыптастырушы тест жұмысы арқылы бекітемін.
Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады.
Әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндіреді.
оқу техникасын дамытады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйренеді.
Қазақтың музыка тарихының кезеңдерін және әрбір кезеңнің күйлерін көрсетіп, кестені дәптерлеріне толтырады.
Музыка тарихының кезеңдері Әрбір кезеңге шығарылған күйлердің тақырыбы
Бірінші
Екінші
Үшінші
Төртінші
Бесінші

Оқушылар, оқулықтан термин сөздерді тауып, дәптерлеріне жазады.
Қазақстан картасынан әншілік мектептердің негізгі аймақтарын көрсетеп,баяндап береді.
Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.
фото суреттегі қазақ халқының музыкалық аспаптарына сипаттама береді.
Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.
Музыкалық аспаптардың түрлері Музыкалық аспаптадың аталуы
Үрмелі
Соқпалы
Ішекті

Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.
Қолөнер бұйымдарының көрмесінің қысқаша мазмұнына тоқталып,баяндап береді.

Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.
Дарынды және талантты оқушылар тест жұмысын орындау арқылы білімдерін бекітеді.
Бағалау
3-5 минут

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
Үйге тапсырма: Біз білмейтін қазақтың атақты әнші-сазгерлері туралы қосымша мәлімет дайындап келу.
Рефлексия:«Бүгінгі сабақ туралы менің пікірім»
Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.
Бағалау парағы
Аты-жөні Үй тапсыр -масы Жаңа сабақ Тапсыр-ма Қорытынды баға

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Оқушылар,«Бүгінгі сабақ туралы менің пікірім» толтырады.