Музыкалық аңыз әлеміне саяхат

Бекітемін:
Пәні : Музыка
Сыныбы: 1
Уақыты:
Тоқсанның тақырыбы: Музыкалық аңыз әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Музыка суреттейді
Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) Ақпараттық Баланы құдіретті музыка әлеміне, музыка тыңдауға, ән айтуға баулу, қызығушылығын ояту. Музыкаға іс- әрекет арқылы сезімін (эмоциясын) ояту.
Б)Коммуникативтік Сурет пен дыбыстық байланысын ұғындыру
В) Проблеманы шешу құзыреттілігі Музыка арқылы баланы әсемдікке, мейірімділікке, адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу
Түрі: жаңа материалды түсіндіру
Қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ақпараттық-коммуникативтік технология
Әдістер: Сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Пайдаланылған көрнекілігі: Суреттер, домбыра.аспаптар.

Сабақтың барысы Оқытушының қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу:(Баянмен орындайды)
Ән саламыз , жар саламыз
Ұстазды біз, қарсы аламыз.
Бәріміз зор ізетпен,
Амандасып аламыз .
2.Оқушыларды түгелдеу:
Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;
3.Дауыс жаттықтыру:
Қыздар және ұлдарға. Арнайы дауыс жаттықтыруға шығарылған ән .Әні мен сөзін жазған Ә.У.Кулмурзина.(Кимылмен орындау)
.
. 1.Оқытушымен амандасу:( ауызша айтады)
Ән саламыз , жар саламыз
Ұстазды біз, қарсы аламыз.
Бәріміз зор ізетпен,
Амандасып аламыз .
2.Кезекші оқушының есеп беруі;
3. Қосылып орындайды.:
Ля,ля-ля, ля,ля-ля, ля, ля-ля, ля.
Қыздар әнге салады
Тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля,ля,
Ұлдар аспап алады.
Қыздар биді билесе ,
Ұлдар қолды соға Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.
Оқушылар сабақ бастауға дайын
ІІ. Үй тапсырмасы. Балалар өткен сабақта үйге сурет салуға берілген болатын . Кім суретін көрсете алады? (Оқушылар әңгімелеп береді) Сол суретке байланысты ән немесе би ,күй әуендерін білсе,сұралады. «Ақсақ құлан» күйінің келген жеріне дейін сұралады. Оқушылардың өткен материал бойынша түсінгендері,жат-тағандары бойынша жауаптары.
ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Не істерлерін білмеген 40 жігіт сол кезеңде өмір сүрген атағы елге жайылған ,данышпан,күйші Кетбұға бабамызға келеді. Ақыл сұрайды. Сонда күйші «Мен жасарымды жасадым, кәрі қойдың жасындай жасым қалды басын өлімге қиып ешкім бара алмаса мен барайын» -деп домбырасын алып хан алдына келеді.Хан ордасына келеді .Хан шекпенін жамылып бүк түсіп жатыр екен. Кетбұға домбырасын қолына алып күйін тарта жөнеледі .Домбырада күй «Балаң өлді ,Жошы хан,балаң өлді Жошы хан» деп қайталап тұрды . (Осы жерде күйді тыңдатады).Хан басын көтеріп «Ей,мына күй сенің тартар,менің естір күйім емес екен. «Балаң өлді» — деп тұр ғой мынау» дейді . Сонда Кетбұға: Хан тақсыр балаң өлді деген сөзді мен айтқан жоқпын сенің аузыңнан естідік қой –деген екен. Жеңілген хан домбыраның аузына қорғасын құйғызады. Дейді.Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.
Музыка тыңдау:
Ақсақ құлан х/к тыңдау Күйді тыңдату арқылы балалардың өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді. Күйді тыңдап талдап үйренеді.
Музыка сауаты: Баянмен фо-номен көрсетіледі.
Төменгі ,ортаңғы , жоғарғы дыбыс.
Оқушылар айырады.
Жаңа сабақты бекіту 1.Сонымен Ханның баласының хабарын жеткізуге кім барады?
2.Кетбұға баланың өлімін қалай естіртеді?
3.Домбыра не деп сөйлеп тұрады?
4.Сендер күйді тыңдағанда естідіңдер ме?
5.Күйдің әуені көңілді ме??
Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді . Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылайды
Үй тапсырмасы. Балалар үйге барған соң осы аңызды ата-аналарыңызға айтып беріңдер. Ойлайды ,іздейді орындайды. Өз бетімен жұмыстануға әрекеттенедң.