Әдеби тіл және оның нормалары

Сабақтың такырыбы: Әдеби тіл және оның нормалары. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға әдеби тіл және оның нормалары жайлЬі толық
мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе кағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Әдеби тіл және оның нормалары» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Тілді бір адам ғана жасамайды және әркім өз білгенінше сөйлей бермейді. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейді. әдеби тілдің түрақты нормалары болады. Сол нормалар арқылы да әдеби тіл көпшілікке түсінікті әрі бәріне ортақ болып келеді. Көркем әдебиет тілі, ғылыми әдебиеттер тілі, баспасөз тілі — бәрі де әдеби тілде жазылады. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар әр түрлі. Лексикалыц норма — сөзді мағыналарына сәйкес қолдану, грамматикалыц норма -грамматикалық түлғалардың орынды жүмсалуы, фонетикальщ норма — дыбыстардың дұрыс қолданылуы.

Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді. Оның бірі- ауызша тіл, екіншіс! — жазбаша тіл. Ауызша тіл үй іші, отбасында ғана емес, телерадио хабарларында, жиын-жиналыстарда сөйлеу, адамдардың бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуі, диалог арқылы, мүғалімнің сабақ түсіндіруі, оқушының жауабы және т. б. арқылы көрінеді. Жазбаша тіл ойды қағазға жазу арқылы көрінеді. Әр түрлі кітаптар, көркем шығармалар, оқулықтар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер және т. б. жазбаша тіл арқылы беріледі. Ауызша, яғни сөйлеу тілінің өз нормалары болады. Ауызша тілдің нормалары орфоәпияльщ нормалар деп аталады. Онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуындағы бірізділік, үндестік сақталып отырады. Мысалы, Ац үйден шыга келді әнші жігіт деген сөйлем орфоәпиялық норма бойынша: Аг үйдөн шыга гелді әнші жігіт болып айтылады. Екінші сөздегі бірінші у дауысты дыбысының әсерінен алдыңғы ак сөзінің соңғы қатаң қ дыбысы үяңданып, ғ болып, үйден деген сөздің бірінші буынындағы у деген еріндік дауысты дыбыстың әсерінен шығыс септіктің жалғауындағы (-ден) езулік дауысты е еріндік ө дыбысына айналып, үйдөн болса,


келді деген сөздің бірінші к дыбысы алдыңғы сөздің соңғы дауысты а дыбысының әсерінен ұяңданып, г болып (гелді) айтылады. Ал жазуда олар ескерілмейді, орфографиялық норма негізінде жазылады. Сөздердің дүрыс айтылу нормалары орфоәпиялық сөздіктерде беріледі де, дүрыс жазылу нормалары орфографиялық сөздіктерде көрсетіледі.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 6-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Газет немесе журналдағы тіл туралы жазылған бір мәтінге орфографиялық, орфоәпиялық нормалар бойынша талдау жасаңдар. Келесі орындалатын тапсырма: Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Баланың тілі, ең алдымен, ана тілінде шығады дейміз. Осының себебі туралы
    ойланып, пікірлеріңді айтыңдар.
  2. Ана тілі деген үғымды сен қалай түсінесің: ол сені дүниеге әкелген ананның тілі ме,
    әлде өзің өкілі болып саналатын халқыңның тілі ме? Туған тіл дегенді қалай түсінесің?
  3. Ана тілі арқылы нені үйреніп, білесіңдер?
  4. Мәдени және рухани байлық дегенді қалай түсінесіңдер?
  5. Ана тілінде білім, тәрбие алу дегенді қалай түсінесіңдер?
  6. Ана тілін білмеген адам туған халқын, Отанын, елін сүйе ала ма?
  7. Ана тілінде бізге көнеден жеткен даналық, шешендік, ерлік, елдік, өнер, білім
    туралы қандай сөздерді (шығармаларды) білесіңдер?
  8. Ана тілінің қадір-қасиеті туралы өз ойларыңды жазыңдар.
  9. Қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенді қалай түсінесіңдер?
    Сабақтың қорытындысы:
  10. Сүрақ қою аркылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  11. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  12. Үйге тапсырма: өзіндік жү_мыс: Ана тілінде бізге көнеден жеткен даналық,
    шешендік, ерлік, елдік, өнер, білім туралы қандай сөздерді (шығармаларды) оқып, түсінігін
    айту.