Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға әдеби тіл мен мәтіннің байланысы жайлы толық
мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.                         р

  1. 1. Сәлемдесу.


  1. Кезекші мәлімдемесі.
  2. Журнал бойынша түгелдеу,
  3. Жаңа сабақка дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Әдеби тілдің өмір сүріп, дамуы, қоғамдық қызметі негізінен жазба әдебиетпен байланысты. әдеби тілдің әр түрлі қасиеттерін, мысалы, нормалық, жүйелік сипаттарын, дамуын, қоғамдық қызметтерінің алуан түрлі екенін танып-білу үшін жазба әдебиеттің әр түрінен мысалдар келтіріп отырмын. Ол мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен-үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділерді мәтін деп атайды. Яғни, мәтін деп айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жүмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады. Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен түрады да, олардағы ойлар жинақталып келіп, автордың (жазушының, ғалымның, зерттеушінің және т. б.) белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол көркем шығарма да, публицистикалық шығарма да, ғылыми еңбек те болуы мүмкін. Ғылыми еңбек әр түрлі ғылым саласына, мысалы, биология, астрономия, әкономика, медицина, химия, математика, тіл білімі, тарих, әдебиет, физика, техника және т. б. қатысты болып келеді.

Мәтіннен әдеби тілдің сөздік қүрамын, сөз байлығын, сөз қолданылуының мағыналық ерекшеліктерін, арнайы сөздердің, терминдердің, жаңа сөздердің, жергілікті сөздердің, басқа тілден сөз алу, түрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қолданылу сипатын көріп, айқындаймыз.

Тілдің негізгі мағыналы бөлшегі сөздер (лексика) екені, ал оның өзі жеке дыбыстардан түратыны белгілі. Дыбыстардың қолданылу ерекшеліктері мен сипаты да, дыбыстық (үндестік) заңдылықтарының қолданылу шеңбері де мәтіннен және содан алынған жеке сөйлемдер мен сөздердің қолданылуынан көрініп отырады.

Тіл ойды білдірумен байланысты болса, ойды білдіре алатын ең кіші тілдік бөлшек — сөйлем. Сөйлемнің құрылымы мен құрылысы, сөздердің бір-бірімен байланысқа түсіп барып сөйлем қүрауы, жеке сөздердің сөйлем ішінде синтаксистік қызмет атқарып, сөйлем мүшесі болуы, сөйлемнің түрлері, төл сөз, сөздердің жасалуы мен оның жолдары және т. б. тілдік қүбылыстар мәтіннен, мәтінді құрайтын жеке сөйлемдерден көрініп отырады да, солар арқылы түсініліп айқындалады.

Адамдар бір-бірімен тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Яғни, сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке үғымы болады. Мысалы, ңар деген сөздің білдіретін ұғымы — түеі ақ, салқын, еріп, суға айналатын зат. Парта — ағаштан жасалған окушының мектептегі қүралы, отыратын орны.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 4-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген сөздердің қандай ұғымды білдіретінін, яғни мағынасын анықтаңдар. Синоним сөздерді іріктеп алып, солар бойынша бірнеше сөйлем не шағын мәтін құраңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 5-жаттығу жұмысының шарты: Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Ауыспалы мағынаға ие болып түрған сөздерді теріп жазыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 6-жаттығу жүмысының шарты: Байырғы түбір сөздерді, жүрнақ арқылы жасалған сөздерді, сөздердің бірігуі, қосарлануы, тірКесуі арқылы жасалған сөздерді баған-баған бойынша бір-бірінен ажыратып жазыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма (ауызша түрде): 7-жаттығу жүмысының шарты: Мәтінді мәнерлеп оқып, ондағы орыс тілінен енген сөздерді атаңдар. Мәтіндегі ой бөліктерін


анықтаңдар. Мәтінде қай жылдардағы оқиға көрініс тапқан? Орыс сөздерінің ену себебін айтыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 8-жаттығу жүмысының шарты: Орыс тілінен енген мына сөздерді қатыстырып сөйлемқүраңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 9-жаттығу жүмысының шарты: Басқа тілден енген мына сөздерді көшіріп жазып, олардың қалай жазылатынын үғып алыңдар. Орфографиялық нормаға қатысын анықтаңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 10-жаттығу жүмысының шарты: Мәтінді оқыңдар. Қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптерлеріңе көшіріп жазып, мағынасын түсініп алыңдар. Жылқы малына және оның ер-түрманына қатысты сөздерді түгелдей атап шығыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 11-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді
    рөлге бөліп оқыңдар. Шешендік сөздерге мән беріп, одан үлгі алыңдар. Сөздердің
    мағыналық топтарын саралап жазыңдар (синоним, омоним, антоним).