Архитектура және өнер

Қазақстан тарихы7- сынып11.10.2016жУ.А. Атагараева
Сабақтың тақырыбыАрхитектура  және өнер
Сілтеме7 сынып оқулығы    Алматы/Атамұра 2012ж
 

Жалпы мақсаттар

 

Білімділік: Өнер туындыларымен таныстыра отырып, сәулет, діни сәулет өнері, бейнелеу және мүсін, қолданбалы өнер туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, ойын еркін айта білуге, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Көшбасшылықты  дамыту.
Тәрбиелік: ҮІ – ІХ ғасырлардағы өнер туралы түсінік қалыптастыра отырып, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтижеОқушылар  ортағасырға тән архитектуралық  ескерткіштердің ерекшеліктерімен танысады. Өнердің  түрлерін ажырата біледі.
Қолданылатын әдіс -тәсілдер«Ыстық орындық» стратегиясы,Миға шабуыл, «Галереяны шарлау» әдісі, «Алтын қақпа»  ойыны
Сабақтың көрнекілігіФлипчарт, маркерлер,  тақта, стикерлер
Сабақтың барысыМұғалімнің  іс әрекетіОқушылардың іс әрекеті
Ұйымдастыру бөліміБарлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.

Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

Жаңа тақырыпқа байланысты 3-4 топқа  бөлемін:

1.      Қолданбалы өнер

2.      Мүсін өнері

3.      Діни сәулет өнері

4.      Бейнелеу өнері

Ережеге бағынуды ескертемін

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық» стратегиясы

Мұғалімнің  үй тапсырмасы бойынша сұрақтары:

1. Адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі
2. Қай дәуірде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды?

3. Мал шаруашылығының қандай түрлері бар?
4. М.Қашғаридың жазуына қарағанда Испиджаб қаласы қалай аталды?
5. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениет орталықтары болған қалаларды ата.
6. Сауда қандай бағыттарда жүрді?

Мұғалім оқушыларға ыстық орындық «иесіне»   өткен тақырыптардан сұрақтар қоюуға мүмкіндік береді

Фишкалар арқылы  жауап берген оқушыларды  марапаттайды

Оқушылар сұрақтарға  жауап береді , фишкалармен марапатталады
Қызығушылықты  оятуАрхитектура, өнер деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Құрылысы  күрделі, биік, әсем дегенде көз алдыңызға   қандай ғимараттарды  елестетер едіңіз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Жаңа тақырыпты ашу— Архитектура латын сөзінена ударғанда құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Құрылысдегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем салынған архитектуралық ғимарат.
Тараз, Қызылөзен, Құйрықтөбе, Баба – Ата, Қостөбе қалаларындағы қазба жұмыстары нәтижесінде іргетасы ғана сақталған тұрғын үйлердің архитектуралық жүйелері табылған. Олар — Ақыртас, Білеулі.

Бейнелеу өнері архитектуралық құрылыстың дамуына байланысты дамыды. Бірақ архитектуралық құрылыстан бұрын дүниеге келген. Мүсін өнері де түрік дәуірінде ерекше дамыған. Мүсін өнеріндегі «балбал», «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштері арқылы Қазақстанда бұл өнердің ерте пайда болғанына көз жеткізуге болады. Қолданбалы өнер архитектуралық құрылыс жүйелерінің бір бөлігі. Бұл өнерден бірден көзге түсетіні: терракота, көркем керамика, ұсақ пластика.
Толығырақ сабақ барысында танысасыздар.

 
Мәтінмен жұмыс1.      Қолданбалы өнер

2.      Мүсін өнері

3.      Діни сәулет өнері

4.      Бейнелеу өнері

Әр топ өзіне қатысты мәтінді  оқып, топта талқылайды

 

Оқушылар өздеріне қатысты тақырыпшаларды  оқиды
Пысықтау

«Галереяны шарлау» әдісі

 Топтарға  ақ қағазға жаңа сабақ бойынша қысқаша  кесте, сызба ретінде ақпарат жасақтауға тапсырма береді.

Әр топтан спикер шығып өз тобының тақырыбын қорғайды, топ мүшелері галереяны  шарлап жүріп, тақырыппен толықтай танысады, спикерлерді бағалайды

Топ мүшелерінен спикерді  тағайындайды.

 

Бекіту

«Алтын қақпа» ойыны

1.Қолданбалы тобы сұрағы

Ақыртас қандай құрылыс?

2.Діни сәулет тобы сұрағы:
«Сардоба» қандайқұрылыс?
3.Бейнелеу тобы сұрағы:
Балбалдеген не?
4.Мүсін  тобы сұрағы:
Терракота қандай мағынаны білдіреді

Оқушылар топпен ақылдасып жауап береді, бір- бірін толықтырады
Үй тапсырмасы§9  «Архитектура және өнер» кестесін толтыру.

 

Оқушылар үй тапсырмасын белгілеп алады
 Бағалау, кері байланыс Жиналған фишка, жұлдыздар бойынша оқушыларды  бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар бір-бірін бағалайды, ойларымен бөліседі