Бесік жыры сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың салт – дәстүрімен, әдет – ғұрпымен таныстыру.Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ана тілін сүюге баулу, тілге деген құрметтерін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар қазақтың салт – дәстүрімен,әдет – ғұрпымен танысады. Қазақтың салт – дәстүріне көзқарасын өзгертеді. Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады. Өлеңді түсініп оқып, жатқа айтуға үйренеді.
Көрнекілігі: Оқулық, бесік, бесікке бөлеу рәсімінің көрінісінен суреттер, мақалдар, қосымша материалдар.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Барысы:
р/с | Сабақ кезең- дері | Мұғалімнің іс — әрекеті | Оқушының іс — әрекеті | Дерек көздер
|
1 | Кіріспе бөлім | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Қонақ күту салтымыз, Оқып, біліп жатырмыз. Келген қонақ сіздерге, Сәлем бердік жалпымыз.
Сыныппен сәлемдесу. Оқушыларды топқа бөлу.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады.
Амандасады. Оқушылар конфет түсіне қарай топқа бөлінеді.
|
Ынталан- дыру
|
2 | Тұсау кесер | Үй тапсырмасын сұрау. («Кубизм» әдісімен) Әр оқушы өлеңді жатқа айтады. — Өлеңнің авторы кім? -Өлеңнің тақырыбын айт. -Өлең кімге арнап жазылған? Өткенді пысықтау.
| Үй тапсырмасына жауап береді. -Өтебай Тұрманжанов. -Өс, ұлан! -Жас ұландарды шымыр болуға шақырған. |
Оқулық
|
3 | Негізгі бөлім | Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
Ойын. «Кім шапшаң?»
Мына өрнектерді шешсең сөз шығады.
Ребусты шешсеңдер, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. Тақырыбы: «Бесік жыры» 1 – топ: Ана не істеді? 2 – топ: Бала не істеді?
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі. |
12+2=24 Б 19-9=10 К 10+1=11 Ұ 15-3=12 І 30+5=35 Л 28-5=23 М
Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Бой сергіту қимылдары. |
Сандар қатары
Ребус
|
4 | Топтық жұмыс. -Балалар, бесік, ана деген сөздерді естіген кезде көз алдымызға не келеді? (постер жасап, қорғайды)
Жарайсыңдар, балалар, сендер бұл салт – дәстүрлер туралы біледі екенсіңдер.
| Бізді өмірге әкеледі Жылы сөзі Ана Еркелете сөйлеуі Тәтті жақсы сөздері
Баланы бөлейді Жылы Бесік Ыңғайлы Таза Тербеледі
|
Постер Қорғау
| |
5 | Түсінік беру. Ең алғаш сәби дүниеге келгенде анасы сәбиін бесікке бөлейді. Бесікке бөлеу қазақ- тың салт – дәстүріне жатады. Мағынаны тану.
Авторымен таныстыру. Бесік жырының авторы – халық. «Туғанда дүние есігін ашады өлең»,-деп ұлы Абай айтқандай, балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан – ұрпаққа тараған. Ауыз әдебиеті – бұрынғы адамдар жазуды білмеген кезде ән, жыр, күйді балалары естіп, ұғып алған, оны өз балаларына үйреткен, сөйтіп осы дәуірге жеткен.
Топқа шығармашылық тапсырма:
| 1 – топ: Бесік жырын оқулықтан оқыту. 2 — топ: Бесік туралы тыйым сөздер айту.
Оқушылар қосымша деректер алады.
1 — топ: Бесік және құралдарын, қуыршақ ұсыну. 2 – топ: Бесік жырын әуені- мен айту |
Оқулық- пен жұмыс
Бесік Қуыршақ
| |
6 | Қоры- тынды бөлім | Рефлексия: -Бұдан басқа тағы қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер? (балаларға байланысты)
-Соның ішінде біз сендермен қандай салт – дәстүрлермен таныстық? -Сабақ сендерге несімен ұнады? — «Ыстық орындық» әдісі бойынша топтан бір – екі оқушыны тыңдаймыз
| -Шілдехана тойы, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар тойы, сүндетке отырғызу, сырға салу, т.б -Бесікке салу дәстүрімен және бесік жырымен.
-Оқушылар пікір ағашына өз ойларын стикер арқылы білдіреді. |
Сұрақ – жауап
Пікір ағашы
|
7 | Үйге тапсырма беру.
| «Бесік жыры» өлеңін жаттау. Күнделікке жазып алады. |
| |
8 | Бағалау. Формативті, сумативті, жиынтық баға | Оқушыларды топтық бағалау. |