Қызықты математика сабақ жоспары

Бөлімі: Қарапайым  математикалық  түсініктерді  қалыптастыру.

Тақырыбы: Қызықты математика

Мақсаты:Балалардың  логикалық  ойлауын  қалыптастыруда даму  ерекшелігіне  және  қиындықтар  аясында  технология  элементтерін  пайдалану  арқылы 1-ден  5-ке  дейінгі  реттік  санға  үйрету және  кері  санау.

Білім – берушілік  міндеті: Балаларды  түрлі  есеп  шығаруға  үйрету, ойын  арқылы  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Қолданылатын көрнекі  құралдар: Слайд, 1-ден  5-ке  дейінгі  сандар, жемістер  суреттері.

Әдіс  тәсілдер: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап.

Билингвалды  сыңары:  Бір – один — one

Екі – два — two

Үш – три — three

Төрт – четыре — four

Бес – пять – tive

Оқу  іс — әрекетіТәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

шылық ізденістік

Тәрбиеші балалармен  амандасып, ұйықтағанда  адамның  барлық  жене  мүшелері  де  демалатынын  ойянғанда  оларға  «Қайырлы  таң!»  деп  тілек  білдіру  керек  екенін  түсіндіріледі.

Қайырлы  таң  көздерім,сендер  ояныңдар!

Қайырлы  таң  құлақтарым  сендер  ояныңдар!

Қайырлы  таң  қолдарым,сендер  ояныңдар!

Қайырлы  таң  аяқтарым,сендер  ояныңдар!

Жыл  мезгілдеріне  қысқаша   тоқталу. Жыл  мезгілдеріне  қатысты  түстерін  атау.

Бүгінгі математиканың  ерекшелігімен  таныстырып, «Мақта  қыз бен  мысық»  ертегісінің  үзіндісі  көрсетіледі.Балаларға   мысыққа  көмектерінің  ол  үшін  ертегі  кейіпкерлерінің  тапсырмалардың  орындау  қажеттігін  айтады.

1.     Сиырдың  тапсырмасы: «Орналастыр»  ойыны

Сандарды  өсу  ретімен  орналастыру қажет  және  кері  санау.

2.     Ағаштардың  тапсырмасы: «Салыстыр» ойыны

Суреттерді  салыстырып таңбаларды  қою.

3.     Қыздардың  тапсырмасы:

«Сергіту  сәті»

Сылдыр  сылдыр  сырғалар,

Құлағымда  ырғалар.

Оң  қолымда  бес  саусақ,

Сол  қолымда  бес  саусақ.

Саусақтарда  сақина

1 2 3 4 5

Орнына  тез  қон.

Билингвалды  сыңары:

1 2 3 4 5

4.     Дүкеншінің  тапсырмасы: «Кім  тез  естиді?»

Мысық  күндіз 5 стакан  сүт ішіпті және  кешке   тағы  2 стакан  сүт ішіпті, мысықтың  барлық  ішкен  сүті  қанша?

Балалар,сендерқандай   білімдісіңдер  ертегі  кейіпкерлері  сендерге  қуанып  жатыр.

 

 

 

 

 

 

Көздерін, құлақтарын  басу.

 

 

Шапалақтау

 

Аяқтарын  топылдату.

 

Балалар  слайдтан  ертегі  үзіндісін  кқреді. Мысыққа  көмектесуге  қуана  келіседі.

Сандарды  өсу  ретімен  орналастырады  және  кері  санайды.

 

Тапсырмаларды орындайды

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл  қозғалыс  арқылы  сергіту  сәтін  жасайды.

 

Балалардың  жауаптары

 

 

 

Балалардың  жауаптары

 

Рефлексивті — түзетушілікМысық  мақта  қызға  келіп  сүтті  береді. Мақта  қыз :

—         Рахмет  саған, сен  көп  еңбектендің  енді  мына  сүттің  дәмін  балалар  татсын.

—         Рахмет  сендерге  балалар.

Балаларды  мақтап  мадақтау.

Балалар бір-біріне  баңа  береді. Бүгінгі  білгендермен  бөліседі. Мақта  қыз  сүтін  ішеді.

Күтілетін  нәтиже:

Біледі: 1-5 ке  дейінгі  сандарды  тура  және  кері  санау.

Меңгереді: салыстыруды, амалдарды орналастыруды.

Игереді: өз  бетімен  іс-әрекет  жасауды.