Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Дауысты дыбыс тақырыбынан өткенді қайталау, білімдерін бекіту,

дауыссыз дыбыстар жөнінде толық мағұлмат беру, меңгерту;

ә)Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу;

б)Тәрбиелілік: Талдай білуге, шапшаңдыққа, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, ізгілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, салыстыру

Көрнекілігі: Сызба – кесте, семантикалық карта, венн диаграммасы, тірек, топтастыру сызбасы

Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиет, орыс тілі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

І топ        ІІ топ         ІІІ топ

Ұрандарын айтады

Бәрі: Үйрену, ұғу, ұлағат

Сондықтан, оқушылар, біздер әрдайым, үйренеміз, ұғамыз.

Оқушылар, біз қай тарауды өтіп жатқанымызды еске түсіру үшін, мына математикалық сөзжұмбақты шешсеңдер деймін. Ол үшін мына жазылған сандар сөзжұмбақтың жаны мен төбесіндегі қай сандардың көбейтіндісі екенін тауып, солардың қиылысындағы әріптерден сөз құрайсыңдар.

  1. 2.   3.   8.   4.   5.   20
 4 13 

Фонетика

2 ТНО
1 И    ФЕ
5 аК 

Сонымен. Фонетика тарауынан қай тақырыпты өтіп, аяқтадық. Дауысты дыбыстар – 12.

1 – оқушы дауысты дыбыстың ережесімен, дыбыстарды атап шығады. Осы кезде: Топ оқушылары жұмыстанып, постер қорғайды.

Дауысты дыбыстар

 

 

Тілдің қатысына қарай       Жақтың қатысына қарай     Ерін мен езудің қатысына қарай

ІІІ. Жаңа сабақ: Дауыссыз дыбыстар

1)Ереже жазады ( оқушылар дәптерге)

2)Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, у, ч, ш, щ, һ, (у).

3)Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдар пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

4)Дауыссыз дыбыстардың түрлері:

 

Қатаң          ұяң             үнді

258 – жаттығу.

                  І топ                      ІІ топ                 ІІІ топ
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.Сол естілерден естіп білген. Жақсы нәрселерді ескересе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды. Сонда адам десе де болады.Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат.

Тапсырма — 1: Сөзді тап ойыны

І топІІ топІІІ топ
Б …… қ

Б ……. қ

Б …. қ

Б … қ

Б . с

Б .. т

Б ……. қ

Б …. қ

Қ … қ

Қ … қ

Қ .. т

Қ . з

Тапсырма – 2

Адасқан әріптер:

І топ                                       ІІ топ                               ІІІ топ

1)т, п, і, к, а –                    1)м, м, ғ, ұ, а, л, і —   1)қ, с, б, а, а —

2)і,л, і, б, м —                  2)л, д, з, ы, ұ, ж —                    2)т, е, и, б, е д, ә –

Тапсырма – 3

Өлеңді аяқта.

Өлеңнің авторы кім? Өлеңнің екі жолы берілген, соңын жалғастыр.

І топ                                                              

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

……………………………………………….

 

 

ІІ топ

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой сар даламды сағындым.

………………………………………………………….

ІІІ топ

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

………………………………

Сабақты бекіту:

І топ

Дауысты дыбыстарды топтастыр.

Дауысты дыбыстар:

 

ІІ топ

Венн диаграммасы

Дауысты дыбыстар     Ортақ белгісі      Дауыссыз дыбыстар

 

 

 

ІІІ топ

Дауыссыз дыбыстар:

 

 

  • Сонымен дауыссыз дыбыстарды атап шығайық.

 

Үйге: 1) Барлық сөзі дауыссыз әрі бірдей дыбыстан басталатын 2 сөйлем жазу.

2)262 – жаттығу.

 Бағалау