Тәуелсіздік туралы тақпақтар

«Жырласа, жастар жырласын» жыр мүшәйрасы.

Мүшәйра – ежелден  қазақ  жыршылық  өнерінің  қайнар  көзі.  Халық  өз  арасынан  болашақ  би-шешендерін  осындай  сындар   арқылы талантын  шыңдап,  озық  ойлысын  марапаттап  отырған.

  Бақытбек  СМАҒҰЛ

ЖЕЛТОҚСАН.

Оқыған: Жанахмет  Құндыз.

 

Алтыныңды айырбастап қолаға,

Отаныңды айналдырса молаға.

Өз тіліңді босағаға лақтырып,

Өз еліңде күн кешуге бола ма?!

 

Сол кешегі желтоқсанның аспанын,

Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым.

Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой,

Намыс өлсе керегі не басқаның.

 

Сен қазағым шыныменен ұлысың,

Ертең жайнап шығатұғын күн үшін.

Ұл – қызыңның қаны судай шашылды,

Бас алаңда басын тігіп тіл үшін.

ЖЕЛТОҚСАН.

Желтоқсан айы келгенде,

Қазақтың намысты ұл — қыздары,

Өмірлерін қатерге тіккенінде

Ақыры алып берді,олар бізге ,                                                                                                                               Мерекелі,тәуелсіздігімізді!

                                                                                   (Жанахмет Құндыз)

Оқыған: Әбутәліп  Сәтжол.

Ереуілде ит пен құсқа таланған,

Шырқыраған шындық іздеп ғаламнан.

Қазағымның қызыл қанын мәңгілік,

Жуғанымен кетіре алмас алаңнан.

Соның бәрін еске алатын шақ бүгін,

Құрбан қылды қарындастар пәктігін.

Құрбан қылды ғұмырларын боздақтар,

Табамыз деп ақиқаттын ақ туын.

Жеткенімше белім қанша бүгілді,

Сол аппақ ту – азаттығың бүгінгі.

Сол қыршындар жүрегімен көтерді,

Нар көтере алмайтұғын жүгіңді.

Гүлденген  Қазақстан!

 

Біз бақытты баламыз,

Тәуелсіз елдің ұланы.

Мәңгі жасап ,гүлденеміз,

Ұлы елдің қыраны.

                                            (Әбутәліп  Сәтжол).

  

                 Динара МӘЛІК.

             Борыштармыз азат елдің таңына

Оқыған:Азамат  Нажимадинов

Тәуелсіздік – деген ұлы сезімім,

Алла берген аманат.

Мен бір сонау әпкелердің көзімін,

Жүрер ме екен жазалап.

 

Менің үшін, балам үшін күрескен,

Азат таңды әперіп.

Егемен ел ертеңіне ілескем,

Мұнша бақты көтеріп!

Қара жерге жас тәнімен құлаған,

«Қазақпын» деп жазығы.

Желтоқсанның желін жұтып жылаған,

Құлағымда наз үні…

 

Оқыған:Базарбаева Нұрсәуле

 

Аппақ таңның алақаны оятар,

Бал өмірім – жанымда.

Қиялымның тал шыбығы бүр атар,

…парызым бар– арымда…

 

Ол борышым өтелер ме өлмесем,

Бос сермемей қаламды.

Ұрпағымды ұлт тіліне көн десем,

Сөндірме деп санаңды.

 

Жатырымнан шыққан ұлым бүлінбей,

Тектілігін сақтаса.

Туған елдің бейнетіне бүгілмей,

«Абай жолын» жаттаса!

 

 

 

 

 

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАЙЛЫ ЖЫРЛАР

MұқабаТәуелсіздік – Тәңір сыйы…

 

Оқыған: Ерболатов Бекет

Қазағым, қуанамын мен ел үшін!
Әлемнің маңдайалды Беделісің.
Аққу – күй, Алатау – ән, дария-жыр,
Келісті кең пішілген кемел ісің.

Көз ашты гүл-жазира бақ көңілде,
Кең далам бақ жұлдызын тақты өңірге.
Арманы ата-баба орындалып,
Шалқып тұр Астананың қақ төрінде.

Талайдан келген еді жан алқымда,
Жүрдік біз Мәскеу-бидің дәл артында.
Еліміз еңсе тіктеп, болды бүгін
Қаймықпай келешекке қарар Тұлға!

Ақбұлақ жарып шықты ақ тақырдан,
Халықпыз жылы биік тақта тұрған.
Тарылып Кремльдің тас құшағы,
«Құдай…!» деп құтылдық-ау қақпақылдан.

Оқыған:Баймухамедова  Айым

Өткен күн өкініші ол батпандай,
Тынбадық ел намысын қорғап қалмай.
Туды ғой Тәуелсіздік тар құрсақтан,
Толықсып тоқсан әйел толғатқандай.

Ие боп жасампаздық жарасымға,
Айналды Елбасымыз дара шыңға.
Қалықтап ұя салды бейбіт құсы,
Астана ақ ордалы қаласында.

Сарылып күткеніміз ақ таң екен.
Тәуелсіз қазағымды мақтан етем.
Елтаңба, Көк туымды биік ұстап.
Әнұранды бас иіп жаттап өтем.

 

Оқыған:Утегенова Римма

Сүйемін аспанын да, Күнін де мен.
Шаттығы бал жүзінен түрілмеген.
Қазақпыз – Тәуелсіздік таңы атқан.
Жастарымыз көңілді күлімдеген.

Болған ғой қазаққа осы далам нәсіп.
Еліме емірене болам ғашық.
Тәуелсіз, тағылымды ұлы Отаным
Барады келешекке қадам басып…

 

 Отан

Отан деген- атамекен.

Отанымды сүйемін мен.

Отан жерім,Отан елім

Міне,менің Қазақ жерім.

 

                                                                                       (Утегенова Римма)

 

Тәуелсіз елім.

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,

Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.

Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

 

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.

Тәуелсіздік   келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

 

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.

Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,

Тәуелсіздік  әр сәбидің үнінде.

Тәуелсіздік  әр қазақтың жанында!

(Базарбаева Нұрсәуле)

 

 

 

 

 

 

 

            Әлібек ШЕГЕБАЙ. 

 

             ҚАБІРДЕН  ХАТ

 

       Қайрат Рысқұлбековтың  монологы

Армансызбын..,

Ажалсызбын..,

Азатпын,

Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң.

Ұлтым үшін ұлтарақпын,

Аз десең,

Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын!

Сол үшін де ажалсызбын, тірімін.

Көкбөрінің сіңіріндей сірімін,

Шындық үшін құрбандыққа шалынып

Шырылдаған құлындардың бірімін.

Талай-талай тоналдым да тапталдым,

Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым.

Көк көйлекті көктемеде туылып

Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.

Күңіренсе үн шығады көрден де,

Шертілмеген шерім қанша шерменде.

Өз тіліңде өмір сүріп,

Сонан соң,

Не жетеді өз тіліңде өлгенге.

Мен сұрасам – теңдігімді сұрадым,

Теңдігімнің кемдігіне жыладым.

Ай күзетіп Ару сүйер  жасымда

Ақ ажалдың құшағына құладым.

Кек алатын  кәріден де жастан да,

Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?!

Бауыр қалды өзегіне өртеніп

Ана қалды сүтін сауып аспанға.

Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт,

Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.

Бөрі мінез Бабалардың арманы –

Айналайын, алтын қанат – Азаттық!

Саған құрбан жастығым да жаным да,

Саған құрбан атпай қалған таңым да.

Тереңдігі қабірден де тереңдеу

Менің қайғым – Қазағымның қанында!

 

Оқыған:Жанболатов  Жанел

Оқушылар  шығармашылығы

 

         Тәуелсіз елім.

 

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,

Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.

Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

 

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.

Тәуелсіздік   келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

 

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.

Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,

Тәуелсіздік  әр сәби үнінде.

Тәуелсіздік  әр қазақтың жанында!

(Базарбаева Нұрсәуле)

5б сынып

 

                                                                  Отан

Отан деген- атамекен.

Отанымды сүйемін мен.

Отан жерім,Отан елім

Міне,менің Қазақ жерім.

                     

                                                                          (Утегенова Римма)

5б сынып

 

Гүлденген  Қазақстан!

Біз бақытты баламыз,

Тәуелсіз елдің ұланы.

Мәңгі жасап ,гүлденеміз,

Ұлы елдің қыраны.

Қыс.

 

Қыстың көркі аппақ қар

Ойнап, бала шаттанар,

Шана сүйреп, қызықтап,

Мәз-мейрам боп тарасар

.

(С.Әбутәліп) 5б-сынып

 

 

 

ЖЕЛТОҚСАН.

 

Желтоқсан айы келгенде,

Қазақтың намысты ұл — қыздары,

Өмірлерін қатерге тіккенінде

Ақыры алып берді,олар бізге ,                                                                                                                               Мерекелі,тәуелсіздігімізді!

 

                                                                                   (Жанахмет Құндыз)

5б сынып

 

 

Желтоқсанның қанды суық ызғары.

 

Желтоқсанның қанды суық ызғары.

Қалың жұртым,қазағымды қорлады.

Тәуелсіздік қолдаған жастардың,

Отан үшін табандары тозбады.

 

(Маметова Анель)

5б сынып

 

 

 

Әке — ана

 

Оң  қанатым-анашым,

Тәрбие берген данасың.

Сол қанатым-әкешім,

Жылу берген панасың.

 

Тәуелсіздік

24-жыл!

Тәуелсіздік елімде,

Бақыт құсы самғап ұшты көгімде

Қазақ деген ғажап халық қашаннан,

Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

 

6а  сынып оқушысы Қорқыт Жансезім