Fruits – Жемістер сабақ жоспары

Тақырыбы: «Fruits – Жемістер»
Мақсаты: «Жемістер» тақырыбына байланысты балалардың білімдерін тереңдетіп, ағылшын тіліндегі сұрақтарына жауап бере білуге үйрету. Жемістердің ағылшын және орыс тіліндегі атауларын үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жаңа сөздер арқылы баланың ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту.
Жаңа сөздер: an apple – алма, a cherry – шие, a pear – алмұрт, grapes – жүзім, an apricot – өрік, a peach- шабдалы, a banana – банан, an orange – апельсин, a pineapple – ананас,  a cherry-вишня, a peach- персик fruits – жемістер,
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі жемістер суреттері, дидактикалық ойындар құралдары.
Методикалық әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, мадақтау, сұрақ-жауап
Мотивациялық-қозғаушылық

Педагогтің іс-әрекеті
Шаттық шеңбері
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
We’re glad to see you!
— How are you?
Балалардың іс-әрекеті
Good morning to you!
Good morning, good morning,
Good morning, good morning,
We’re glad to see you!

Ұйымдастырушылық –ізденіс кезеңі
— Балалар біз бүгінгі оқу іс – әрекетімізде жемістерді ағылшын тілінде айтып үйренеміз боламыз.
— Бастауға дайынбыз ба? Are you ready? Yes!!
— Қане, балалар қандай жемістерді білесіңдер? Жауаптары: — Алма, банан, шабдалы, жүзім, жүзім, сары өрік, ананас, алмұрт,

— Олай болса, жемістермен әрқайсысымен жеке – жеке танысайық.
Жаңа сөздер:
an apple – алма,
a pear – алмұрт,
grapes – жүзім,
an apricot – өрік,
a banana – банан,
an orange – апельсин,
a pineapple – ананас,
a cherry-вишня
a peach- шабдалы
fruits – жемістер,
Балалар жаңа сөздерді қайталайды
What is this?
Мынау не?
— What colour is an apple?
Алманың түсі қандай?
— What is this?
Мынау не?
— What colour is grapes?
Жүзімнің түсі қандай?
— What is this?
Мынау не?
— What colour is a pear?
Алмұрттың түсі қандай?
Жауаптары:
— It is an apple
— Apple is red
— It is a banana
— Banana is yellow

Сергіту жаттығуы
One, one, one,
Little dogs run.
Two, two, two,
Cats see you.
Three, three, three,
Birds in a tree.
Four, four, four,
Frogs on the floor.
Ойын: «Жемістер бағына саяхат», «Garden of Fruits» — «Фруктовый Сад»
Мақсаты: жемістерді атап шығу.

«Мен жақсы көремін» ойыны. Пиктограмма әдісі бойынша ойналады.
Сұрақтары?
— What fruit do you like?
Қандай жемісті жақсы көресің?
— What fruit do you like?
Қандай жемісті жақсы көресің?
Осылай барлық балалардан сұралады.
Жауабы:
— I like an apple.

Жауабы:
— I like orange.
Ойынға барлық балалар қатысады.

«Listen and repeat» электронды ойыны
Шарты: ойын планшет арқылы ойналады. Планшет бетінен жемісті басып, ол қалай аталатынын қайталау.

«Есте сақта!» ойыны
«Remember!» play game
Шарты: балалардың көрген жемістердің қай жерже жатқанын есте сақтап, айтып беруі.
Рефлексивті-түзетушілік
Электронды ойын.
Drag the words into the boxes
Ойын CD диск арқылы қосылады.
GAME—20A
— Оқу іс-әрекеті аяқталды. Good-bye, children!
— Good-bye, teacher!

Күтілетін нәтиже:
Қандай түсініктерді игерді:
— apple – алма, pear – алмұрт, grapes – жүзім, apricot – өрік, peach– шабдалы, banana – банан, fruits – жемістер лексикалық бірліктерін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Жемістердің түстерін ағылшын тілінде атап көрсетті; қандай жеміс түрлерін жақсы көретінін айтты.
Нені біледі:
Балалардың топта жекелей және ұжымдық дағдылары қалыптасады;