Жақсы адам болу дегеніміз не? сабақ жоспары

Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы
Мырзатай ауылы
«Алтын ұя» балабақшасының
тәрбиешісі Джолдыбекова Р

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас. Таным
Оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту. Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Жақсы адам болу дегеніміз не?
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып,
табиғат мезгілдерін атай отырып, жақсы жаман
қасиеттерді ажырата білуге білімдерін жетілдіру.
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап,
сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастырып, баланың
жан-жақты қалыптасуын дамыту. Қоршаған ортаны
таза ұстауға яғни табиғатты аялауға, үлкенге
ізет,кішіге қамқор болуға, жаман әдеттерден бойын
аулақ ұстауға,жақсы сөйлеп,таза киінуге, әдепті
жүруге, жалпы жақсы мінез қалыптсатыруға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Елбасымыздың портреті, жанұя суреті, жыл мезгілдері, жақсы жаман қасиеттерге байланысты салыстырмалы суреттер, талдаңы құстың ұясы.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ – жауап, мадақтау.
Сөздік жұмыс: Қорғансыз, зұлым, қасиет.
Билингвальдық сыңар: Жақсы адам – хороший человек – a good man.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Бағыт – бағдар беру

Ұйымдастырушы ізденуші кезең
Сергіту сәті
Логикалық ойын
Қорытынды -Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Бүгін біздің оқу іс- әрекетіміз ерекше балалар.Себебі, бізге қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер.
Жамандықтан қаш бала,
Жақсылықпендос балам.
Үлкендерді тыңдаймыз,
Кішілерді сыйлймыз.
Бәрінеде жағамыз.
-Балалар қанша жыл мезгілі бар?
-Кане осы жыл мезгілдерін атайықшы?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Кане атайықшы?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Жақсы адам болу дегеніміз не?» деген тақырыпты өтеміз
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар жақсы адам деп қандай адамды айтамыз?
-Жақсы балалар?
-Балалар мына суретке қарайықшы, бұл кісі кім?
-Ол кісі бізге кім болады?Міне сонда біз жақсы адам деген атқа ие боламыз.
Олай болса «Қорғансыз құстың балапаны» деген көріністі сендердің көмектеріңмен тамашалаймыз.
Балалардың алған әсерімен бөлісу.
-Ал енді балалар бәріміз тұрып, шеңбер құрып, сергіту сәтін жасайықшы.
Шеңбер болып тұрайық,
Қолымызды созайық,
Мойнымызды оңға,солға бұрайық,
Арқамызды жазайық,
Аяқпен секіріп,
Бір демалып қалайық.
-Енді балалар «Қасқырдың мейрімділігін оятқан қозы» қуыршақ театрын тамашалайық.
«Жақсы жаман»
-Балалар,мен сендерге жақсы,жаман қасиеттерге байланысты суреттерді көрсетемін, ал сендер қолдарыңдағы мына жүрекшелер арқылы (қызыл,көк түстер) ажыратып беріңдерші.
-Балалар бүгінгі оқу іс- әрекетімізді мына кішкентай қолшатырды жалғастыра отырып ізгі сөздермен аяқтайықшы.
-Жақсы балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жақсы атсалысайық.Елбасымыздың болашақ ұрпағына айтқан сөзі бар: «Жақсы болуда жаман болуда өзіңнен» деген қанатты сөзі бар.Болашақта бәріңде осындай жақсы тұлға болып қалыптасуларыңа тілекетспін,сау болыңыздар.

Сәлеметсіңдер ме балалар!
Шеңбер бойына тұрып қимылмен қайталайды.

-Төрт жыл мезгілі бар.
-Жаз,күз,қыс,көктем

-Қыс мезгілі

-Желтоқсан,қаңтар,
Ақпан
-Жұма
Таза жүреді, жақсы сөйлейді ешкімге тиіспейді табиғатты қорғайды.
Н.Назарбаев
Ел басымыз

Балалар қызықтанып көрініс көрсетеді.
Балалар жауап береді.
Балалар іс-әреетпен орындайды.
Қуыршақ театрын тамашалайды.
Балалар суреттерді көреді,ажыратып белгілерді көрсетеді.

Балалар қуана қолшатырды жақсы сөздерін бір-біріне арнай отырып, жалғастырады.
Балалар қуанады
шаттанады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жақсы жаман туралы түсінді.
Меңгереді: Жақсы жаманды ажырату.
Игереді: өз бетімен іс-әрекет жасауды.