Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған психодиагностикалық және түзету жаттығулары

Ойын, жаттығулар: «Орманға саяхат», «Тас пен жолаушы», «Тыңдаймыз және орындаймыз», «Кім қаттырақ айғайлайды», «Релаксация», «Майшам».

Мақсаты: Топтағы балалармен қарым – қатынас орнату, шарттылықты және өзін-өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.

Сабаққа керекті материалдар: магнитафон.

 

Жылулық шеңбері: «Ғажайып жұлдызша». Балалар қол ұстасып шеңберге тұрады. Психолог үлкен «Ғажайып жұлдызшаны» көрсетіп, оны бір – біріне беру арқылы балалардың танысуын ұсынады. Тәрбиеші танысуды өзінен бастайды. Әр бала өз есімдерін жағымды көңіл – күймен қайталайды.

 

  • «Орманға саяхат» жаттығуы.

Психолог балаларды ойдан шығарған орманға саяхатқа шығарады. Балалар психологтың қимылдарын орындап артынан келе жатады: аюды оятып алмай аяқтың ұшымен тып-тыныш, ойдым жерлермен, төбешіктермен, айналасы тікенекке толы жіңішке жолмен жүріп келеді, астында бұлағыбар қираған көпірден өтіп, батпақты жерлерден секіріп, еңкейіп саңырауқұлақ пен гүлдер теріп, жоғарыдағы жаңғақтарды жинайды.

 

  • «Тас пен жолаушы» жаттығуы.

Психолог серуеннен кейін демалу керектігін айтады. Балалардың біреулері тас, ал кейбіреулеріне жолаушы болу ұсынылады. Тас болған балалар жерге тізесін құшақтап, қатып отырады, ал жолаушылар тас болып отырған баланың арқасына сүйенеді. Содан балалар орындарын ауыстырады.

 

  • «Тыңдаймыз және орындаймыз» жаттығуы.

Балалар топпен еркін тұрады. Балалардың арасы 0,5 м болуы қажет. Марш мотивімен әуен болады. Балалар әуен ырғағына марш қимылдарын жасайды. Құмыл кезінде психолог балаларға түрлі бұйрықтар береді. Балалар бұйрыққа сәйкес қимылдарды орындап отырады.

 

БұйрықҚимыл

 

«Қояндар!»

 

Балалар қояндар секірісін салады.
«Аттар!»

 

Аттың адымын тұяқтың дыбысын салып жүреді.
«Шаяндар!»Шаянға тектес қимыл жасайды.

 

«Құстар!»Балалар қолдарын екі жаққа лақтырып жүреді.

 

«Аққұтан!»

 

Бір аяқпен тұрады.
«Иттер!»

 

Балалар қолын қайырып үреді.
«Тауықтар!»

 

Балалар тары іздеп, шоқып, «ко-ко-ко» деген дыбыс шығарады.
«Сиырлар!»

 

Балалар төрт тағандап отырады.

 

  • «Кім қаттырақ айғайлайды!» жаттығуы.

Балаларға айғайлау ұсынылады. Ол жаттығуды секіріп, жүгіріп, әуен аясында немесе басқаша еркін түрде жасауға рұқсат етіледі.

 

  • Релаксация.

Балалар кілемнің үстіне жатады. Қолдары шынтақтан майысқан, алақандарын жерге қаратып, аяқтарын екі жақта ұстап жатады. Психолог балаларға қарап: «Қазір мен өлең оқығанда жай әуен басталады, сендер көздеріңізді жұмып жатқанда «Сиқырлы түс» ойынын бастаймыз. Сіздер шынымен ұйықтап қалмаңыздар! Бірақ қозғалмай, мен рұқсат бергенше көздеріңізді ашпайсыздар. Мұқият тыңдап, менің айтқанымды іштей қайталаңыздар. Сыбырласпаңдар. Еркін дем алыңыздар. «Сиқырлы» түс көргеннен кейін ғана көздеріңізді ашыңыз! Тұрыңыздар! – дегенше тұрмайсыздар. Ал қазір «Сиқырлы түс» күшіне енеді».

«Сиқырлы түс»…

Кірпігіміз төмен түседі…

Көзіміз жұмылады…

Біз тыныш дем аламыз… (2 рет)

Сиқырлы түс көреміз…

Жеңіл…қалыпты…терең дем аламыз…

Қолымызда дем алады…

Аяқтарда дем алады…

 

  • «Майшам» соңғы деңгей.

Жарық өшіріліп, балалар дөңгеленіп тұрады. Майшам жағылып балалар сол майшамды жақсы сөздер айтып бір-біріне жалғайды. Балалар іштей армандайды. Сонда бір, екі, үш… майшамды балалар үріп сөндіреді.