Сыры таусылмас полимерлер әлемі

Химияның   даму  барысында  полимерлер  немесе   жоғары  молекулалық  қосылыстар   жеке  отау   тігіп  шықты.  Синтетикалық   полимерлік  заттар  ғылымының, өнеркәсіптің   коптеген  салаларында  қолданылуда.

Синтетикалық   полимерлер   химиялық  заттардың   ішінде  сыртқы   ортаның  әсеріне   ұшырамайтын   материялдарға  жатады.  Беріктігі,  созылғыштығы,  тағы   басқа  әрі    алуан    қасиеттеріне   қарағанда  полимерлерге   тең  келетін  материалдар  аз.  Ал  енді  қазіргі  кезде   синтетикалық  полимерлерден    жасалған    заттардың   тек  гигиена  ғана  емес   медициналық   клиника  және  емдеу    салаларына да   кеңінен   пайдаланылуы,  химиктердің  бұл  проблемаларды  дұрыс  шешіп   келе  жатқандығының  куәсі. Сондықтан  синтетикалық  полимерлер  медицинаның   әртүрлі  салаларының  бірте-бірте  еніп  келеді. Мысалы:  қазіргі  кезде  медициналық  құрал-жабдықтардың  көп  түрлі   полимерлерден  жасалады.  Бұларға  полиэтилен  полиамидтер,  полипропилен  тағы   басқа   жоғарғы   молекулалық   заттар   жатады. Мысалы:  полиэтиленнен   медициналық  приборлар  мен  бөлшіктері,  ауруларды   күтуге   арналған  бұйымдар,  зертханалық   жабдықтар,   поликорбанаттан   протездер,  полистиролдан  шприцтер,  ыдыстар тағы  басқа  заттар  жасалады.

Полимерлер  органдарды  қалпына  келтіретін   хирургияда,  аурыған  немесе   жарақаттанған  мүшелерді,   тканьдарды  уақытша   немесе   тұрақты  алмастыруға  пайдаланып  келеді. Мысалы: жасанды  жүректің  көп  бөлшіктері  полимерден  жасалады.   Осы  сияқты  дүние  жүзінде  пайда   болған  аппараттар:  жасанды  қан  айналу   аппараты,  жасанды  бүйрек,  жүректің  жұмысын   басқаратын  аппараттардың  көп  бөлшіктері  полимерлерден  тұрады.   Синтетикалық  полимерлердің  қолдану  аясы  өте  кең.   Осыдан  жүз  жылдай  бұрын  Америка  құрама   штаттарында   Хайэтт  есімді  ағайындар  типографиялық   өңдеуге   шыдамы   материал  іздеу  үстінде   комфора   мен   жартылай  нитрленген   қағаздан  жақсы  иілетін   материал  алған. Сөйтіп,  өмірге   бірінші  органикалық   жасанды  зат  «целлулоид»  келген  екен.

Бүгін  біздің  қарамағымызда   синтетикалық  заттардың   сан  алуан   түрлері  бар.  Сонымен   сан   алуан  макромолекулалар  дүниесінін  зерттейтін  полимерлер   туралы   ғылым   адамзаттың   өмрінде   талай  өзгерістер   жасай  бермек.

Қорыта   айтқанда,   мен  болашақта  адам  өмрін,   денсаулығын   жақсартуға  зор  үлес  қосатын  жаңа  полимердің   түрін   ашқым  келеді.  Мен  ашқан  полимердің  түрі  адамзат  тарихында  және  ғылыми  техникалық  ревалюцияда  зор  секіріс   болады  деген  үміттемін