Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға сын есімнің мағыналық түрлері жайлы толық
мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сын есімнің мағыналық түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы, ең алдымен, білдіретін мағынасына байланысты болады.

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей. анықтайтын болса, ол сапалық сын есім болғаны. Мысалы: қызыл (бояу), ащылау (қымыз), т.б.

Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жүрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейді. Қатыстық сын есімнің мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасына байланысты болады. Мысалы: өнерлі жігіт-өнердің неше түрін білетін жігіт екенін немесе жігіттің өнерінің молдығын көрсетеді.


Сонымен, заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Сапалық сын есімдерге шырай жүрнақтары жалғана алады. Ал заттың сын-сапасын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 146-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі баған етіп жазыңдар.

Келесі тапсырма: 147-жаттығужүмысының орындалу шарты төмендегідей: Жүмбақтарды оқып шығыңдар. Қатыстық сын есімдерді тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 148-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Мәтінді оқып шығып, мазмүнын әңгімелеп айтып беріңдер. Қүрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратып, әңгімеге қандай өң беріп тұрғанын байқаңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 149-жаттығу жүмысының орындалу барысын түсіндіремін: Мәтінді оқып ат қойыңдар. Оның мазмүнын өз сөздеріңмен қысқартып жазыңдар. Сын есімдерді орынды пайдаланыңдар.

Келесі тапсырма: 150-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді дауыстап оқыңдар. Сын есімдерді тауып, өзінің тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңдар, оларды сұрақ қою арқылы талдаңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 152-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Сөйлемдегі сын есімдерді сүрақ қою арқылы анықтаңдар.