Ұ дыбысы мен әрпі

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың  мақсаты: Ұұ дыбысы мен әрпін таныстыру меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Ұ дыбысы мен әрпін таныстыра отырып, оның  дуысты дыбыс    екенін   түсіндіру.

Ұ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату,  дұрыс    жазуға, есте сақтауға   үйрету,  ұ әрпінің бас әрпін және кіші әрпін жаздыру, өздіктерінен жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, қиялын шарықтатып, ойын ұшқырлау, логикалық ойлау       қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Ойындарды пайдаланып, еңбектенуге, ұқыптылыққа, сыйластыққа еңбекке баулу. Құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ жауап,түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, кеспе буындар, сөзжұмбақ, т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де сіз                                                        Бар кітапқа бас болған

Кішіге де сіз                                                           Әліппе ғылым анасы.

Сәлем бердік сіздерге,                                           Әліппеден басталған

Құрметпенен біз.                                                   Даналықтың данасы.

Ой қозғау.

-Дыбыстар қалай бөлінеді?

-Өтілген дауысты дыбыстарды атаңдар?

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

-Дыбыстан не құралады?

-Буыннан не құралады?

-Сөзден не құраймыз?

-Өте жақсы балалар біз өткен сабақта қандай дыбыс пен әріппен таныстық?

-Ж дыбысы мен әрпі.

-Олай болса үйге берілген тапсырманы тізбектей оқиық.

-Оқулықтағы сюжетті суреттер бойынша баланың іс әрекетін әңгімелеу.

-Жақсы және жаман қасиеттер туралы әңгімелеу.

Жаңа сабақты меңгерту

-Өте жақсы балалар , енді тақтадағы мына суретке назар аударайық.

-Балалар ойнап жүріп не көрді?

-Ұяда неше балапан екен?

-Балалар не істеді?

-Сендер болсаңдар не істер едіңдер?

-Балалардың ісі дұрыспа?

-Балалар балапанды қайда салды?

-Ұяға.

-Жақсы осы ұя деген сөзді барлығымыз хорман айтып көрейікші.

-Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-Ұ дыбысы.

-Бүгінгі сабағымызда біз ұ дыбысы мен әрпімен танысамыз.

-Ұдыбысын барлығымыз айтып көрейікші.

-Ұ ұ ұ ұ ұ

-Ұ дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

-Дауысты дыбыс.

-Қайдан білдік?

-Себебі ол дауыс кедергісіне ұшырамай,созылып айтылып тұр.

-Тақтадағы мына өлең жолдарына назар аударайық.

-Ұя,ұлу,ұшақтың

-Басын бастап беремін.

-Құс,жұмыртқа бұтақтың

-Ортасында келемін.

-Суреттер көрсету,суреттегі заттардың  атауын атап,ұ дыбысы мен әрпінің сөздегі орнын анықтап,буынға бөлу.

-Ұлу сөзіне дыбыстық талдау жасату, буынға бөлу.

-Ұлу буындарын дауыстатып оқыту.

-Ұлу сөзінің бірінші буыны  қанша  дыбыстан құралған?

-Ол қандай дыбыс?

-Ұ дыбысы.

-Екінші буын неше дыбыстан құралған?

-Олар қандай дыбыстар?

-Ұлу су жәндігі.Ол қыста  қауашағында жатады. Күн жылынған соң,олар қауашағынан шығады.

Оқулықпен жұмыс.

-Оқулықтағы сөздерді буындап оқу,мағынасын түсіндіру.

Ұл            ұлу        бұтақ        бұлақ

Ұлан       ұлар       бұлбұл      құрақ

Үнтаспадан құстардың үнін тыңдату.

-Балалар ненің дауысын естідіңдер?

-Құстардың.

-Жақсы балалар енді бұл қандай құстардың дыбысы екенін білу үшін, мына жұмбақтарды шешіп көрейік.

-Қандай құстарды көріп тұрмыз?

-Тырна ,қарлығаш,бұлбұл,қарға және сендерге таныс емес құр деген құста бар екен.

-Енді балалар оқулығымыздағы «Құстар» деген мәтінді оқымыз. Барлығымыз назар аударып тыңдап отырамыз.

Сурет арқылы мәтіннің мазмұнын түсіндіру.

-Балалар құс туралы кім сөйлем  құрайды.

Құстар  біздің досымыз.

Сергіту сәті.

Ойын: «Сиқырлы сандық.»

Сандық ашылады.ішінен суреттер алып,буынға бөліп,сөйлем құрайды.

Дәптермен жұмыс.

Ұ ұ әріпн жазу.

Әріп элементтерімен таныстыру.

Ауада жазу.

Ұ ұәрпін дәптерге жазу.

Сөзжұмбақ шешу.

   
          
     

1.Тал  басында тамаша үй.

2.Қанатты тұлпар,көкте самғар.

  1. Шыр көбелек айналар,

Беліне жіп байланар.

Сабақты қортындылау:

-Балалар, сонымен біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыспен,әріппен таныстық?

-Ұ дыбысы мен әрпі.

-Ұ дыбысы қандай дыбыс?

-Жуан дауысты дыбыс.

-Ұ дыбысына сөз айтайықшы.

-Ұя,ұршық,ұлан,бұғы,т.б

-Ұ дыбысы сөздің қай жерінде келеді?

-Сөздің басында және ортасында.

-Қандай мәтінмен таныстық?

-Құстар.

-Құстар сөзіне сөйлем айтайықшы.

-Қандай құстарды жыл құстары дейміз?

-Жыл құстарына арнап ұя жасайық.

-Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта ,

Жем шашуды ұмытпа.

Бағалау:

Сабаққа жақсы  қатысқан оқушылар мадақталады.

Үйге тапсырма: ұ дыбысына байланысты берілген сөздерді, «Құстар» мәтінін оқып келу.