Қайталау операторы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы

Білімділік: Оқушыларға қайталау операторы жайында жалпы білім беру,негізгі анықтамалармен, түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, тақырыпты жүйелі қабылдауға, есепті өз бетімен шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Компьютер сыныбанда қауіпсіздік ережесін сақтауға, мұғалімді тыңдауға, тапсырманы мұқият орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: тақтадағы сызбанұсқа

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

 Жаңа тақырып өту. Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыздың аты «Қайталау операторы».Кітапта 90 бетте.Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.

Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмдердің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер- қайталау операторлары қолданылады.

Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар. Параметрлі цикл операторы- FOR, шарты алдын ала тексерілетін цикл – WHILE, және шарты соңынан тексерілетін цикл- REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT  операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі блған кезде қолданылыды.

WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталануды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (әзірше) және DO (орындау) түйінді сөздері қолданылады. Жазылу пішімі:

WHILE <қайталану шарты> DO < цикл тұлғасы>;

Мұндағы қайталану шарты – диаграммада көрсетілген логикалық өрнек, цикл тұлғасы – қайталаны орындалып отырған қарапайым немесе құрама оператор.Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шарты мәні есептелінеді, егер ол ақиқат- true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі.Қайталану шарты жалған – false болса, циклді орындау доғарылып, while  операторынан кейінгі жолдар арқылы бастайды.

WHILE операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі:

WHILE <шарт> Do

Begin

<1- оператор;>

<2- оператор ;>

…………………….

<n- оператор ;>

End;

Ескету: Егер шарт бірінші тексергеннен жалған болса, онда цикл орындалмайды.

REPEAT   операторы. REPEAT   қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айымашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексерніледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады..

Бұл оператор . REPEAT   ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін ) түйіді сөздерін пайдаланады.

REPEATоператорының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі:

REPEAT

< оператор 1 >;

< оператор 2 >;

………………

< оператор n>;

UNTIL <шарт>;

Бұл жерде операторлар REPEAT   ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін ) сөздерінің арасында орналасқандықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.

FOR операторы. Циклдегі операторларды қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда – FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені қайталану саны функция аргумені сияқты циклдің параметрі атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі. Параметр өзінің алғашқы мәнін соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгерту барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталап орындауды атқарады.

Оператор – FOR сөзінен басталатын оның тақырыбынан және цикл тұлғасынан тұрады.

— FOR   операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі:

FOR < айнымалы> := <S1> to <S2>DO < оператор>;

FOR < айнымалы> := <S1> DOWNTO  <S2>DO < оператор>;

Мұндағы S1  және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for… do  — цикл иақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; < оператор> — цикл тұлғасы.

FOR- үшін, TO – дейін, DO- орындау мағына беретін түйінді сөздер. Параметрдің өзгерту қадамына байланысты операторда  TO немесе  DOWNTO (DOWN- төмен, TO- дейін, DOWNTO- кері қарай) түйінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 – ге тең болса, онда оаператорда  TO , ал -1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады. Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс , әйтпесе оларды бүтін  мән беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.

Цикл тұлғасы жай немесе құрама оператор да болуы мүмкін. FOR операторының жұмыс цикл параметрінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейінгі аралықта бірлік қадаммен қайталап өтпей тоқталмайды.

Цикл тақырыбы:

  • басқару айнымалысының өзгеру диапазонын және цикл ішінндегі операторлардың қайталану саны ;
  • цикл параметрінің өзгеру бағытын анықтайды.

Мысал:

For k:= 1 to 100 do Read ( m[k]);{Жиын элементтерін оқу}

For k:= 10 downto 1 do write ( M[k]) {Жиын элементтерін жазу}

FOR  операторы алғаш орындалардан бұрын S1 және S2 өрнектері есептеледі де, цикл параметріне S1 меншіктеледі, яғни,<Цикл параметрі>:= S1 операторы жүзеге асырылады.

Осыдан кейін цикл ішінде келесі әрекеттер орындалады:

  1. ‘ цикл параметрі’ ‘ > S2 шарты тексеріледі (S1< S2 болғанда) немесе ‘ цикл параметрі’ ‘ > S2 шарты тексеріледі (S1>S2 үшін).
  2. Егер шар жалған болса, онда FOR цикл ішіндегі операторлар орындалады. Ал, егер шарт орындалса, яғни ол ақиқат болса, онда цикл тұлғасы орындалмайды, FOR операторынан кейін тұрған жол атқарыла бастайды.
  3. Басқару айнымалысының мәні 1- ге өседі немесе 1- ге кемиді де, әрі қарай FOR операторы қайталанып орындала береді.
  4. цикл орындалу барысында оның параметрінің мәнін өзгертуге болмайды.
  5. Егер цикл көшу операторы көиегімен тоқтатылмаса, онда цикл аяқталған соң, басқару параметрінің мәні анықталмаған болып саналады.

 

Әрбір операторға бір мысалдан қарастырып, коппьютерде көру.

 

  1. Жаңа тақырыпты бекіту.

1)Қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың түрлері (Параметрлі цикл операторы- FOR, шарты алдын ала тексерілетін цикл – WHILE, және шарты соңынан тексерілетін цикл- REPEAT.

 

2)Шарты алдын – ала берілген циклді қай уақытта пайдаланамыз? ( Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шарты мәні есептелінеді, егер ол ақиқат- true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі.Қайталану шарты жалған – false болса, циклді орындау доғарылып, while  операторынан кейінгі жолдар арқылы бастайды. )

 

3)Шарты соңынан берілген цикл операторы дегеніміз не? ( қайталану шарты цикл соңында тексерніледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады.)

 

4)Параметрлі цикл операторын қай уақытта қолданамыз? ( Циклдегі операторларды қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда – FOR операторы қолданылады.)

 

5)Шарты алдын ала берілген цикл операторының қызметші сөздері.

( WHILE (әзірше) және DO (орындау))

 

6)Шарты соңынан берілген цикл операторының қызметші сөздері? (REPEAT   ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін)

 

7)Параметрлі цикл операторының қызметші сөздері?( FOR- үшін, TO – дейін, DO- орындау)

 

  1. Практикалық жұмыс

Есеп№1

Екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу программасын құр.

Program EYOB;

Var n,m,e,x,y:integer;

Begin

Write (‘m,n  сандарын енгіз’);

Readln (m,n);

X:=m; y:= n;

While x<> y Do

If x>y then x;=x – y else y:= y-x;

E:=x;

Writeln (‘Екі санның ең үлкен ортақ бөлгіш=’,e);

End.

Есеп№2

X= 2,2.2,2.4,2.6,….4.0  болған жағдайда y= sqr(x) теңдеуінің мәндерін табу программасын құр.

Program keste;

Var x,y: real;

Begin

Writeln( ‘_ _ _ _ _’);

Writeln (‘x            y’);

Writeln (‘_ _ _ _ _ ’);

X:= 2.0;

Repeat

Y:= x*x;

Writeln (‘’, x:4:1,  ‘’, y:8:3);

X:= x+0.2;

Until x=4;

Writeln (‘_ _ _ _ _ ’);

End.

Есеп№3

Ақпарат алмасудың американдық стандартты код символдарын экранға шығаратын программа құр.

Program ASCII;

Var kod: integer;

Begin

Writeln(‘американдық стандартты код символдары’);

For kod:= 255 DOWNTO 10 DO

Writeln ( ‘символ коды’, kod, ‘символ= ’, CHR(kod)));

End.

6.Сабақты қортындылау.

Бағалау

Үйге тапсырма беру : кітаптағы 90-102 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!