Көмекші программалар

Сабақтың тақырыбы: Көмекші программалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жалпы көмекші програмалар жацында түсінік беру. Көмекші программалардың негізгі құрылымымен таныстыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру,өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін таңдауға, берілген тапсырмаға жауапкеғшілікпен қарауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: таратпа материалдар

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)

  1. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)

3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)

5.Сабақты қортындылау

А)  баға қою (2-3 мин)

Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  1. Үй тапсырмасын сұрау.Бақылау жұмысын алу оқушыларды екі нұсқаға бөлу.

I – нұсқа сұрақтары:

1.Мәліметтердің саналатын типтері

2.Жиым дегеніміз не?

3.Жиымдар қалай сипатталады?

II – нұсқа

  1. Міліметтердің шектеулі типтері
  2. Жиым дегеніміз не?
  3. Көпөлшемді жиымдар

3.Жаңа тақырып өту. Бүгінгі біз тіздермен «Көмекші программалар» деп аталатынжаңа тарау бастаймыз. Барлығымыз дәптер, кітаптарымызды ашамыз.

Компьютерде шығарылытын есептердің күрделенуіне байланысты программалардың көлемі өсіп, оларды жазу, оқу, түзету күннен күнге қиындап келеді. Осыған байланысты программа құруды, түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрылымдық программалау деп аталады.

Программа адамның түсінуі мен қабылдауна ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиынын құрылымдық программалау деп атайды. әрбір программа бөліктері бір- бірімен тығыз логикалық байланыста болады, оның бір жерінен екінші бір жеріне секіру болмауы тиіс.

Құрылымдық программалау – goto  операторынсыз программалау болып саналады, яғни шартсыз көшу операторын пайдаланбау керек. Сол себепті программа бөліктері соларда көрсетілген тәртіп бойынша мәліметтерді өңдеу ережесін орындайтын логикалық құрылымдардан тұрады.негізгі логикалық құрылымдарға:

Сызықтық құрылым – программадағы операторлардың немесе  олардың топтарының жазылу реттілігімен тізбектеле орналысуы;

Тармақталу – берілген шарттың орындалуы орындалмауына бойынша алдын ала көрсетілегн бірнеше мүмкіндіктің бірін таңдауды жүзеге асыратын басқару құрылымы.

Бұл құрылымның ең басы ерекшелігі – олардың орындалу алгоритмдерінің бір кіріс не тек бір кіріс сызығы болады.

Қазіргі кездегі программалау технологтясы «жоғарыдан төмен қарай» орындалатын әрекеттерді біртіндеп айқындау тәсілін кең пайдаланады. Осы технологияға сәйкес күрделі есептің белгілі бір бөлігі тәуелсіз шығаруға бролатын блок – қосалқы программа ретінде құрылуы тиіс. Осындай құрылымды күрделі программаны – сатылы түрде жинақталған тәуесіз қосалқы программалардан құруға болады.

Белгі бір ат қойып, жек программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы  бөлігін көмекші немесе қосалқы программа деп атайды.

Қосалқы программаны пайдалану:

  • Негізгі программаның көлемін кішірейту;
  • Негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалану мүмкіндігін береді;
  • Қосалқы программаға берілген коппьютердің жедел жады көлемін ол орындалмай тұрғанда, бос ұя ретінде басқа мақсаттарға пайдалануға болады;
  • Қсалқы программаны пайдалану тәсілдері құрылымдық прогаммалау талаптарына сай келеді;

Қайталанатын әрекеттерді қайта жазып көшіруге көп уақыт кетірмеу үшін қосалқы программалар ретінде функциялар мен процедуралар қолданылады. Процедуралардың циклдерден айырмашылығы, олар программаның әр жерінде оператор тізбегі өзгермей, тек бір рет қайталанып отырады, яғни әр пайдалану кезінде бір рет қана орындалады.

Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәулсіз бөлігі процедура деп аталады. Процедура өрнектің аргумент мәні бола алмайды. Программада процедураның атын көрсету оның орындалуына себепші болады да, мұндай әрекет процедураны шақыру деп аталады.

Функция да процедура секілід орындалады, бірақ оның процедурадан екі айырмашылығы бар, олар: функия аты өрнектің аргумент ролін атқара алады,; функция орындалған соң, программаға тек бір ғана мән беріледі. Жұмысының нәтижесі тек бір ғана мән болатын процедкра функция деп аталады.

Процедура түріндегі қосалқы программа бірнеше оператор тізбегінен тұрады және оның жұмыс нәтижесі де бірнеше мән болуы мүмкін. Функция түріндегі қосалқы программа математикалық функциялар тәрізді бастапқы аргумент арқылы өрнек есептей отырып, нәтижесінде тек бір ғана мән береді.

Паскаль тілінің барлық процедуралары мен функциялары екіге бөлінеді: олар: стандартты және тұтынушы өзі анықтаған бейстандарт топтар. Стандартты  процедуралар мен функциялар тілдің элементі ретінде өз аттары бойынша алдын ала анықталған түйінді сөздермен белгіленеді. Ал бейстандарт функциялар мен процедураларды әрбір программалаушы өзі жаңа атау беруі арқылы анықтайды да, олар орындалатын әрекеттерден тұрады. Барлық стандартты атауларды анықтау жолыы арнайы кітапханалық модульдерде көрсетілген, олардың да жүйелік өз атаулары бар.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. құрылымдық программалау дегеніміз не?Ол не үшін қолданылады?
  2. қандай негізгі логикалық құрылымдар бар?

3.Қосалқы программа деп қандай прграмманы айтады?

  1. процедура дегеніміз не?
  2. функция деп нені айтамыз?
  3. функцияның процедурадан қандай айырмашылығы бар?

5.Сабақты қортындылау.

Бағалау .Үйге: кітаптағы 140-142 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!