О.Бодықов. Аққұс туралы аңыз.

Сабақтың тақырыбы: О.Бодықов. Аққұс туралы аңыз.

 

Сабақтың мақсаты:

 

А) Білімділік: Әңгіме мазмұнымен таныстыру; Ш.Қалдаяқов өмірі,

шығармашылығы туралы мағлұмат беру;

Ә) Тәрбиелік: Ән құдіретін сезіне білуге, елжандылыққа тәрбиелеу, өнер

адамдарын құрмет тұтуға тәрбиелеу;

Б) Дамытушылық: Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік

қорын молайтып, тіл байлығын дамыту;

 

Көрнекілігі: «Ш.Қалдаяқов» деректі фильм, әндер жинағы, плакат, слайд,

маркерлер, баян (музыкалық аспап).

 

Типі: жаңа сабақ

Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, сахналау, топпен жұмыс, тест.

 

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, музыка.

 

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды алдын-ала топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау)

  1. Әнұран орындау.

 

ІІ. Жаңа сабақ. «Ән ұран»

  1. Оқушылар! Бүгінгі сабағымызды әнұранмен бастап отырмыз. Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім мақтан етіп, — дегендей осы әнұран авторлары кімдер?

Олар туралы не білеміз?

-Сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі

-Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі

-Бұл әнұран алғаш рет 2006 жылы президентіміз Н.Назарбаевты ұлықтау рәсімінде орындалды.

-Ендеше бүгінгі сабағымызда Ш.Қалдаяқов өмірімен танысамыз. Ш.Қалдаяқов туралы кім небіледі?

Ш.Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығы туралы фильмге сүйене отырып таныстырып өтемін.

 

  1. Жазушы Оразбек Бодықов Шәмші аталарыңның ең сенімді де сырлас досы. Бүгінгі сабағымызда Шәмшімен болған қызықты бір күндер естелігінен «Аққұс туралы аңыз» әңгімесімен танысамыз.

( тақтаға күн, ай реті, әңгіме авторы мен тақырыбы жазылады)

 

  1. Мәтіннің бөлігін 3 топқа бөліп беру. Өздері оқып, өзара талдап, мазмұнын айтады.

І топ тапсырма.

Оразбек Бодықов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметпен таныстырып өтеді. Суретпен жұмыс.

 

ІІ топ тапсырма.

Аңыз дегеніміз не? Мәтінмен жұмыс.

 

ІІІ топ тапсырма.

Мәтіннің 1 бөлігін сахналық көрініс түрінде көрсету.

 

  1. Сергіту сәті. Ш.Қалдаяқовтың әнін айту.

І топ.

Аққұс әнінің құдіретін табиғатқа, адамға әсері тау мүлгиді, тауға ағылып көл тынады ұшуын апталап, айлап аспан егіледі күтіп жатады. Мол жинаған шақта махаббат жайлы шерлі де, қуанышты ән шырқайды. Қайғылы жүректің шерін басып, сөнуге айналған үмітке от жағады.

 

ІІ топ.

Табиғаттың ән құдіретіне табынуы.

Жел. Тау. Өзен. Ағаш. Жарық дүние.

Сарнаған жел тына қалады, Қаратаудың көкірегі қарс айырылып, аһ ұрады, Ағысын тоқтатады. Жапырағын жайып, қайғыға оранады. Бар дүниені түн басады.

 

ІІІ топ.

Қарақұстың аққұс әнін тыңдағанға дейінгі тыңдағаннан кейінгі жай — күйі. Іші өте тар. Көзін жоюға бел байлайды, жан — жағына қараса өзі де егіліп шап беріп ұстай алып, қанды тырнағы – еңкілдеп жылап отыр екен.

-Енді мен бүріп өлтіруге айналады тырнағыма ілінбе. Сен азатсың! Бар ұш! Көрсем ән айтқызбай өлтіруге ант етемін.

 

 

 

 

Бекіту.

1,2,3 топтарға тест тапсырмалары беріледі.

 

І топ.

  1. «Аққұс туралы аңыз» әңгіме естелігінің авторы кім?

А) О.Бодықов;

ә) М.Сәрсеке

б) М.Әуезов:

 

  1. Шәмші Қалдаяқов кім?

А) Ақын;

ә) Композитор;

б) Ғалым;

 

  1. Шәмші «Аққұс туралы аңыз» әңгімесін кімнен естіген?

А) Әкесінен;

ә) Анасынан;

б) Досынан;

 

  1. Неміс композиторы кім?

А) Чайковский;

ә) А.Жұбанов;

б) Л.Бетховен;

 

  1. Аққұс әнінің қарақұсқа әсері қандай?

А) Мінезі өзгерді;

ә) Мінезі өзгермейді;

 

ІІ. Топ.

 

  1. Әнұранның музыкасын жазған кім?

А) Н.Тілендиев;

ә) Ш.Қалдаяқов;

б) Б.Байқадамов;

 

  1. Әнші құсты тап:

А) Аққу;

ә) Бұлбұл;

б) Көгершін;

 

  1. Қазақ хорының негізін салушылардың бірін ата

А) Б.Байқадамов;

ә) Жаяу Мұса;

б) Әміре Қашаубаев;

 

  1. Аққұстың әніне табиғат қайтті?

А) Табынды;

ә) Әлсіреді;

 

  1. Ш.Қалдаяқов туралы әңгіме жазған кім?

А) М.Сәрсеке;

ә) М.Әуезов;

б) О.Бодықов;

 

ІІІ топ.

 

3 топқа «Әңгіме кестесін» құру беріледі. Әңгіме кестесі.

 

Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз.

Авторы: Оразбек Бодықов

Кейіпкерлері: автор, Шәмші, Аққұс, Қарақұс.

Несімен ұнады? Ән құдіретінің күштілігі – табиғат пен адамды бірде қуантып, бірде мұңайтып, армандарға жетелегені.

Айтылған ой: өнерді бағалай білу.

 

Бағалау.

Оқушылар бірін – бірі бағалау, топ- топты бағалау.

Рефлексия: Бүгін сабақ ұнады ма? Нені білдіңдер? Не үйрендіңдер?

Скитерге пікірлерін жазып іледі.

 

ІV. Үйге тапсырма. Әңгіменің мазмұнын айту.

Ш.Қалдаяқовтың бір әнін жаттап келу.

 

  1. Қорытындылау. «Сыр сұлуы» әнін айту.

-Халқымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов қазақ өнері туралы «Қазақ өнерін білгісі келгендер Қалдаяқовтың әндерін зерттеулері керек» деген екен.

Ш.Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әнінің шығу тарихына көңіл бөлейік. Біздің қаламыздағы қазіргі Қорқыт ата атындағы университетінде 1960 жылдары «Сыр сұлуы» ән-би ансамблі құрылады. Бұл Ансамбль көптеген шетелдерде өз өнерлерімен таныс болады. Сол уақытта тапсырыспен Шәмші атамызға бір ән жазуды өтінеді. Сөзін жергілікті ақын Зейнолла Шүкіров, әнін Шәмші атамыз жазады. Алғаш рет үлкен сахнаға Ришад Абдуллин деген әнші ағамыз орындайды. Бұл ән тек Сыр бойында ғана емес, Қазақстанның кез-келген бұрышында сүйіп шырқалатын әнге айналады. Әр адамның көкірегінде ән айтқызатын бір –бір Аққұсы бар дейді. Ендеше сабағымызды осы әнмен аяқталық.