«Қамбар батыр»

Пәні: Әдебиеттік оқу.              

Сыныбы: 4                             

Сабақтың тақырыбы: «Қамбар батыр»

Жалпы мақсаты: Батырлар жырының басқа ауыз әдебиеті үлгілерінен ерекшелігін түсіну.

Негізгі идеясы: Халық арманындағы батырдың бейнесін айқындап көрсету.

О/дМақсатыТүрткіНәтижеОүББағалау
критерийдескриптор
БілуХалық ауыз әдебиеті үлгілерін еске түсіру.І. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? Анықтамасын айтып бер.

ІІ. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

 

1)Халық ауыз әдебиетінің анықтамасын біледі.

2)Халық ауыз әдебиетінің түрлерін біледі.

 1)Халық ауыз әдебиеті туралы анықтаманы білуі;

2)Халық ауыз әдебиетінің түрлерін білуі.

1) Анықтаманы білемін;

Анықтаманы білмеймін.

2) 4-6 түрін білемін;

1-3 түрін білемін;

Білмеймін.

Түсіну «Қамбар батыр» жырының мазмұнын түсіну.

 

І. Қамбар батырдың жырдағы көңіл-күйі қандай? Неліктен?

ІІ. Қамбар батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көре ме? Оны қалай байқадың?

Жырдың берілген үзіндісін мазмұндап бере алады.Екі жұлдыз, бір тілек1) Қамбар батырдың көңіл-күйін анықтай алуы;

2) Батырдың өз тұлпарын жақсы көретінін аңғара білуі.

1)Анықтай алдым;

Анықтай алмадым.

2)Аңғара білдім;

Аңғара алмадым.

ҚолдануЖырдан теңеу сөздер мен көркем сөздерді таба білу. Олардың әсірелеп айтылуына назар аудару («Әсірелеу» — бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту.).І. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезін тауып оқы. Теңеу сөздерді тап.

ІІ. Қара қасқа аттың сыртқы түр-тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?

Теңеу және көркем сөздерді мәтіннен таба алады, әсірелеп айтылуын түсінеді. 1) Теңеу сөздерді табуы;

2) Көркем сөздерді табуы.

1) Көріктей; Маядай;

Бүркіттей.

2)Алтын табақтай;

Қамыстай;

Қазықтай;

Төңкерген кеседей;

Сүмбідей.

ТалдауБатырлар жырының басқа халық ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыра білу.І. Ертегі мен батырлар жырын салыстыр, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап.

ІІ. Бесік жыры мен батырлар жырын салыстыр, айырмашылығы мен ұқсастығын тап.

Батырлар жырын басқа халық ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыра алады.өзара бағалау1)Ертегі мен батырлар жырын салыстыра алуы, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуы.

2) Бесік жыры мен батырлар жырын салыстыра алады, айырмашылығы мен ұқсастығын табады.

Ұқсастықтарын таба алдым;

Айырмашылығын таба алдым;

 

ЖинақтауӨз бетінше түсінгенін тұжырымдай білу.Батырлар жырына анықтама бер.

 

Өз бетінше түсінгенін тұжырымдай алады. Батырлар жырына анықтама құрастыру.Құрастыра алдым;

Құрастыра алмадым.

БағалауЖырдың көркемдік жазылуын бағалай алу.Жырда Қамбар халық арманындағы батырға лайықты суреттелген бе?Мәтіндегі дәлелге сүйеніп  бағалай алады. туралы өз ойын айтып дәлелдей  алуы. 

Үйге тапсырма: Жырды мәнерлеп оқып келу.