Есімдіктердің емлесі

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің емлесі. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға есімдіктердің емлесі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл

мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, олардың ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сездікпен жріыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жү_мыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Есімдіктердің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Жіктеу, сілтеу, өздік, жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Мысалы: мен, сен, сіз, ана, сол, қанша? бәрі, түгел, т.б.


Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып есептеледі, олар бірге жазылады. Мысалы: ешкім, ешқашан, әлдекім, кейбір, әрбір, т.б.

Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатыстық сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытта, бір мезгілде, әр түрлі, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 208-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өлеңдерді көшіріп жазып, құрамындағы күрделі есімдіктердің емлесін үғып алыңдар.

Келесі тапсырма: 209-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдердің қүрамындағы күрделі есімдіктерді теріп жазып, олардың қандай есімдіктерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 210-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерді көшіріп жазып, әлде, әр, қай, кей, бір, еш сөздері баска сөз таптарымен тіркесіп айтылса, бөлек жазылатынын үғып алыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 211-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді
    оқып, ат қойыңдар. Есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.