Сөз таптары. Зат есім.

 

Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға сөз таптары,зат есім туралы түсінік беру. Білімдерін кеңейту.
  2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын,қиялын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер: кесте, суреттер,үлестірмелер

Әдіс-тәсілдер: әңгіме,әңгімелесу,талдау-жинақтау

Жұмыс түрі: жеке дара,топтық,ұжымдық

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: дәстүрлі

Пән аралық байланыс: география

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу
  2. Оқушыларды түгелдеу
  3. Сынып тазалығына назар аудару
  4. Сабаққа даярлығын тексеру
  5. Сабаққа зейінін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

116-жаттығу

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Морфология тарауы нені зерттейді?

Атауыш сөздер дегеніміз не?

Көмекші сөздер дегеніміз не?

Одағай сөздер дегеніміз не?

  1. Мақсат қою
  2. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру
  3. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
  4. V. Жаңа сабақ

Сөздердің білдіретін мағынасына,түрлену тұлғасына,қойылатын сұрағына,сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар. Олар: зат есім,сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,еліктеу сөздер,шылау,одағай.

Зат есім – заттың атын білдіріп,кім?не? деген сұраққа жауап беретін сөздер. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші(кім?), тау(не?), ауыл(не?), ақыл(не?), т.б.

Зат есім жалпы және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі,адам, деген жалпы адам атаулыға тән ат болса,Байжан,Гүлнәр дегендер адам атаулының біріне емес,жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім,әдетте,жеке кісінің аты-жөні,мемлекет,республика,облыс,аудан,қала,көше,ұйым,мекеме,зауыт,фабриканың жеке аттары,географиялық атаулар,әр түрлі шығарма аттары,мал,құс,хайуанаттарға арнайы қойылған аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.

  1. Жаңа сабақты бекіту

Кітаппен жұмыс:

118-жаттығу. өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп,дәптерлеріңе түсіріңдер.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалқы есімдерді қойып,көшіріп жазыңдар.

2-тапсырма. Кіші әріппен берілген жалқы есімдерді бас әріппен жазып,мәтінді көшіріңдер.

3-тапсырма. Жалқы есімдерді бас әріппен жазып,сөйлемдерді көшіріңдер.

VII. Жаңа сабақты қорыту

Сөз таптары дегеніміз не?

Қанша сөз таптары бар?

Зат есім дегеніміз не?

Қандай сұрақтарға жауап береді?

Зат есім нешеге бөлінеді?

Жалпы есім дегеніміз не?

Жалқы есім дегеніміз не? Қалай жазылады?

VIII. Үйге тапсырма беру. Бағалау.

57-беттегі тақырып. Жалпы және жалқы есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.