Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың тақырыбы:      Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:    Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгеніндігін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру.

Сабақтың  түрі:

Сабақтың әдісі: СТО,Ротация әдісі,РАФТ технологиясы,тірек сызба

 

Сабақтың көрнекілігі: слайд презентация, қосымша мәліметтер,бағалау парағы, плакат,

Ұйымдастыру: Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру тренинг « жүрек жылуы »                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Оқушылармен амандасу, түгелдеу, журнал толтыру, топтастыру.                                                                            1 топ. «Хандар»

2 топ. «Билер»

3 топ. «Батырлар»

 

    “Миға шабуыл” ойыны

  1. Қазақтың ұлы билерін ата?
  2. Қазақтардың қандай ержүрек батырларын білесіңдер?
  3. Отырар қаласының қолбасшысы кім болды?
  4. Қабанбай батырдың шын есімі?
  5. “Жеті жарғы” заңдарын шығарған ханды ата?

 

“Ой қозғау” әдісі

Оқушыларға интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.

 

Топтық тапсырма.

1 топ. Хандар тобына

Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей

2 топ. Билер тобына

Қазақ хандығының аумағы.

3 топ. Батырлар тобына

Қазақ  этникалық құрамы

 

Тарихи сынақхат

1.Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этникалық негіздерден шықты. ……… жылдары Қазақ хандығы құрылды. (1465-1466ж)

2.Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жері-………. . (Қозыбасы)

3.Хандықтың алғашқы хандары-……. …… . (Керей мен Жәнібек)

4.Жәнібек- …… ханның баласы. (Барақ)

5.Керей- …… сұлтанның баласы, Барақ ханның ағасы. (Болат)

6.Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, оңтүсті және батысында Темір ұрпағының мемслекеті және ……. хандығымен шектесіп жатты. (Әбілхайыр)

  1. ….. жылы Керей хан Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуылдады. (1470ж)
  2. Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан …….. мен ……. ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. (Әбілхайыр хандығы, Моғолстан)

9.ХV ғасырдың 40-50-жылдары Керей мен Жәнібек хандардың маңына : ……….. солтүстігіне топтаса бастады. (Қаратау, Сырдария, Түркістанның )

  1. ….. жылы Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларының Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті. (1457ж)

 

Сабақты қорытындылау:  «Сиқырлы торша»

 

 

Жәнібек пен Керей ханды қарсы алған Моғолстан ханын ата? 

Қазақ хандығының құрылған жылдары:

Қазақ хандығының негізін қалаушы тұлғалар
«Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді?Қазақ хандығының алғашқы  территориясы Әбілхайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының  рулары болды. Оларды бәрін қалай атады?

 

 

Үйге тапсырма:

  1. Қазақ хандығының территориясын кескін картаға түсіру.
  2. Қазақ хандығы мен Жәнібек хандар туралы ойтолғау жазу